27 сәуір күні Түпқараған ауданының үкіметтік емес ұйымдары мен діни бірлестіктері, кәсіподақ ұйымдары мен жергілікті «Ақкетік арайы» газетінің қатысуымен Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше, сенімге негізделген, аса маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында сұқбат алаңындағы жиыны болып өтті.
Жиынды аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Алмагүл Ордабаева ашып жүргізіді. Сұқбат алаңында мүлдем төзбеушілік және мемлекеттік қызметкерлер әдебі, сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берілді. Талдау мен сараптама арқылы ішкі және сыртқы бақылау жұмыстары жүргізілетінін жеткізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикалық басқармасының бас маманы Шыңғыс Ибраев және Жанна Шыртанова қатысушылар сұрақтарына жауап берді. Жиында халық пен билік арасындағы қарым-қатынас орнатып отырған үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке заңды түсіндіру мен құқықтық сауаттарын арттыру бағытында жұмыстардың жүргізілуінің маңызы өте зор екені айтылды. Сонымен қатар, әр азамат сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметкерлер әдебі мәселелерінде өзінен бастап қана қоймай, құқықтық сауат негізінде мүлдем төзбеушілік таныту керектігі де сөз болды.
Милана ЕЛЕУСІНОВА