©
Қазақстандағы зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру міндеттерінің бірі контрафактілік және зияткерлік меншікті қорғауға қарсы күресуге, алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.Әділет органдарымен 2016 жылдың 11 айында зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 179 тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша 152 құқық бұзушылық анықталды. ӘҚтК 158-бабы бойынша (тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін) 155 әкімшілік іс жүргізу қозғалды.
Қозғалған істер ішінде сот органдарына 155 іс жіберілді, оның ішінде қаралды – 148 іс (2 іс 2015 жылы қозғалған), қаралуда –48 іс, тоқтатылды – 5 іс. Әкімшілік жауапкершілікке 143 адам тартылды, айыппұл сомасы 11 751 143 теңгені құрады, 13 188 300 теңге сомасына контрафактілі өнімнің 14 218 данасы тәркіленді.
Есепті кезеңде республика аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз әзірлейтін, тираждайтын және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы (бұдан әрі – ЖПІШ) 4 рет (23-25 ақпанда, 18-20 мамырда, 2-4 тамызда және 15-17 қарашада) өткізілді.
Тек ағымдағы жылғы 15-17 қараша аралығында соңғы өткізілген ЖПІШ кезінде ішкі істер органдарымен республика аумағында 248 құқық бұзушылықты анықтады, олардың 194-і авторлық және сабақтас құқық бұзушылық бойынша (ҚР ҚК-нің 198-бабы). Заңсыз айналымнан 19,5 мың контрафактілік CD-DVD-дискі, 240 лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етулері бар тасымалдағыштар және 166 бірлік өзге контрафактілік өнім алып тасталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлерімен 2016 жылғы 16 қарашада «Шанхай» базарындағы сауда орталықтарының бірінен контрафактілік аудио-бейне өнімдерді дайындау және тарату бойынша цех айқындалды. Ұялы телефондарға арналған аксессуарларды сататын үй-жайда Оңтүстік Қазақстан облысында туып-өскен азамат ұсталды, одан компьютерлік техника, DVD-дискілер (480 дана бос дискілер, 5 жазылған контрафактілік дискі) және USB-тасымалдағыш алып тасталды. Сараптама тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 198-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сонымен бірге, 2016 жылғы 15 қарашада Алматы қаласы ІІД-нің қызметкерлерімен «Барлық» базарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының базарларына Қырғыз Республикасынан аудио-бейне туындылары бар контрафактілік DVD-дискілерді тасумен айналысқан азамат Б ұсталды (ұстау барысында одан 128 контрафактілік DVD-дискі алынды).
Жыл басынан заңсыз айналымнан 135,5 мың бірлік контрафактілік өнім, оның ішінде 577 лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етулері бар тасымалдағыштар алынды, өндірудің 9 фактісі және еліміздің басқа өңірлерінен осындай өнімдерді көтерме әкелудің 9 арнасы анықталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы контрафактілік аудиовизуалды өнімдерді тарататын 38 шетелдік интернет-ресурс анықталды, қазақстандық пайдаланушылардың оларға қолжетімділігін оқшалау мақсатында шаралар қабылдау үшін олар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Тыйым салынған материалдар, сілтемелер және сот шешімдерінің тізіліміне енгізілді.
2016 жылғы есепті кезеңде контрафактілік өнімнің заңсыз айналымы саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің(бұдан әрі – ЭТҚ) өнімінде 149 сотқа дейінгі тергеу болды(ҚР ҚК 198-бабы - 89,ҚР ҚК 198-бабы 222-бабы - 60).
Есепті кезеңде Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық істердің саны 125 іс құрады (ҚР ҚК 198-бабы - 76 іс, ҚР ҚК 222-бабы - 49 іс).
Өндіріспен 94 қылмыстық іс аяқталды, ҚР ҚК 222-бабы бойынша сотпен 17 іс бойынша үкім шығарылды.
Қазақстанда дыбыс, бейнежазбалары бар контрафактілік дискілерді, оқу әдебиеттерді дайындау кең таратылды. Айналымнан 180 мыңнан аса дискілер алынды.
Компьютерлік ойындарды лицензиясыз пайдаланудың 28 фактісі, «Microsoft» компаниясының және 1С бухгалтерлік есеп бағдарламалық өнімдерді таратудың 6 фактісі анықталды.
Сонымен бірге, «Пиала» шайын, «MacCoffee» кофесін, «Mobil» маркалы қозғалтқыш майын, жетекші әлемдік брендтерінің «Стэлл», «Вавилон», «Перно Рикар Казахстан», «Chivas Holdings Limited», «Martell and Co» ЖШС ресми дистрибьюторлардың тауарлық белгісімен ішімдік өнімдерді дайындау бойынша цехтер анықталды.
Цехты қарау нәтижесінде жалған есеп-бақылау маркілермен 217 бөтелке, май құйғыш, респираторлар, пластикалық бөшкелер алынды.
Қазақстанның нарығында Қытайдан әкелінген әртүрлі жалған өнімдер жиі анықталады.
Мысалы, 2016 жылғы мамырда Алматы қаласының нарықтарында кейбір кәсіпкерлермен «Procter & Gamble» брендімен өнімдердің сататыны анықталды.
А.ж. тамызында ҚХР-нан VPZ тауарлық белгісімен автобөлшектерді әкелудің 2 фактісі анықталды, аталған белгі «Волжский» ААҚ (РФ) өнім шығарушыға тиесілі.
А.ж. қыркүйегінде «Аdidas», «Ulysse Nardin», «Hermes», «Louis Vuitton», «Chanel», «Dior» тауар белгілері бар жалған тауарлардың сатылу фактілері анықталды.
А.ж. қарашада Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен заңды тұлғалардың мекенжайларына 168 млн.теңгеден аса «Shell» логотипімен қозғалтқыш майын дайындап, сатқан «АйалСнабСервис» ЖШС-тің қызметі тыйылды.
Құқық иеленушілерге келтірілген зиянның мөлшері 1 млрд.теңгеден аса соманы құрады, оның 500 млн.теңгесінің орны толтырылды.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 4011 тауарлардың атауы бойынша 450 тауар белгісі (131 құқық иеленуші) енгізілді.
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінің негізінде 2016 жылғы 11 ай ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен жалпы құны 9 918 563 АҚШ долл. құрайтын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 479 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылды.