©
Бүгінде, Маңғыстау облысы соттарының ақпараттық саясатын жүзеге асыруы бойынша жұмысын облыстық соттың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші-судьяның тікелей басшылығымен Маңғыстау облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі жүргізіп отыр.
Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы, олардың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтына, облыстық соттың веб-сайтына материалдар, сондай-ақ республикалық және жергілікті газеттерге мақалалар мен хабарламалар жариялауларынан, теледидар мен радиода сұхбат берумен және БАҚ өкілдерінің соттар жөнінде жазған жарияланымдарынан көрінетіні белгілі.
Осыларды ескерген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өңірлік соттардың жұмысын бағалаудың жүйесін бекітті. Жоспарлы көрсеткіш ұғымы енгізілді. Солардың арасында Жоғарғы Соттың және облыстық соттың веб-сайттарындағы баспасөз хабарламаларының саны, республикалық және жергілікті БАҚ-тағы материалдар саны секілді көрсеткіштер бар. Бұған қоса жергілікті соттар қызметін бағалау барысында судьялар мен кеңсе қызметкерлері әзірлеген сот қызметі туралы авторлық материалдарда есепке алынады.
Маңғыстау облыстық сотының жүргізген жүйелі жұмысының нәтижесінде 2016 жылдың 9 айында республикалық және жергілікті БАҚ-та соттардың 1991 материалы жарияланған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 1710 болған. Ағымдағы жылдың 9 айында Маңғыстау облысы соттарының судьялары мен сот қызметкерлерінің 564 мақаласы, радио және телеарналарда 165 сұхбаты берілген.
Судьялар мен сот қызметкерлерінің дайындаған материалдары негізінде көбіне республикалық «Заңгер», «Заң» басылымдарында, сондай-ақ жергілікті «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Тумба», «Лада» газет беттерінде жарияланады.
Маңғыстау облысының сот судьялары айына екі рет берілетін жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Менің құқығым бағдарламасында» 30 минут тікелей эфирде сұхбат беріп, облыс тұрғындарының сауалдарына жауаптар беріп тұрады. Сонымен қатар сот судьялары мен кеңсе қызметкерлері «Қазақстан-Жаңаөзен», «Жолбаян» секілді жергілікті БАҚ-та тұрақты түрде сұхбаттар беріп келеді.
Маңғыстау облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі соттарда болып жатқан жаңалықтарды, қаралып жатқан немесе аяқталған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Маңғыстау облыстық сотының веб-сайттарында тұрақты түрде баспасөз хабарламалары жарияланып отыр.
2016 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Маңғыстау облыстық сотының веб-сайтында - 606 баспасөз хабарламалары орналастырылған. Осы орналастырылған ақпараттарды республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары одан әрі таратып көптеген оқырмандардың ақпараттармен танысуына мүмкіндіктер тудырып отыр.
zakon.kz, tengrinews.kz, today.ru, aktau-business.com, inform.kz және тағы басқа электрондық сайттар сот туралы ақпараттарды таратуда. Соның нәтижесінде, Маңғыстау облысы соттарының 2016 жылдың 9 айында БАҚ өкілдерінің соттар жөнінде жазған ақпараттар саны 656-ға жеткен. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың 9 айында небәрі 384 болған. Бұл көрсеткіштер Маңғыстау облыстық сотының БАҚ-пен байланыс жұмысына ерекше назар аударып отырғандығын айғақтаса керек.
Сонымен бірге, Маңғыстау облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі соттардағы жаңалықтарды әлеуметтік желілерде де тұрақты түрде таратып келеді. Маңғыстау облыстық соты деген атаумен «Фейсбук», «Вконтакте» әлеуметтік желілерінде тіркеліп, ғаламтор қолданушыларын соттардағы жаңалықтар, оң өзгерістер туралы хабардар етіп келеді.
2016 жылдың басынан бері Маңғыстау облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен бірнеше маңызды жұмыстар атқарылды. Маңғыстау облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі соттармен атқарылған жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне кеңірек таныстыру мақсатында кең көлемде баспасөз мәжілісін өткізді.
Атап көрсетер болсақ, 2016 жылдың 24 сәуір және 4 қазан күндері «Сот төрелігінің жүзеге асырылуы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Алановтың және үйлестіруші-судья мен өңірдегі басқа да спикерлердің қатысуымен баспасөз брифингтері өткізілді. Шараға республикалық, жергілікті бұқарақалық ақпарат құралдары «Хабар», «Қазақстан-Ақтау» телеарналары, «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Тумба», «Лада» басылымдарының өкілдері қатысты.
2016 жылдың 29 сәуір күні облыстық сот ғимаратында ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық және оған теңестірілген соттардың БАҚ-пен байланыс жұмысын үйлестіруші-судьялары бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу шараларын өткізді. Бұл аталған шара облыстағы сот судьяларының үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен кездесудің маңыздысы әрі алғашқысы болды.
Сот судьяларымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлесіп, бірнеше семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын және жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесу шараларын өткізді. Шара Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықпен күресу, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық көмектер беру және тағы басқа тақырыптарға арналды.
Сотқа байланысты кез келген мәліметті Маңғыстау облыстық сотының сайтына кіріп, ондағы көрсетілген телефон нөмірлерге қоңырау шалып, өзіңізге қажетті ақпараттарды алуға болады. Қорыта келе, Маңғыстау облыстық сотында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жұмыстарын жүргізуге қажетті техникалық жағдайлар жасалынған. Сондықтан соттың баспасөз хатшылары өздеріне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен сезініп, адал орындаулары тиіс.
Е.Қазиев
Маңғыстау облыстық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы