Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Омаров Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі 2201 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуларымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар сабақ өткізді.
Судья өз баяндамасында гендерлік тепе-теңдіктік саласындағы мемлекеттік саясаттың басты аспектілеріне тоқталды.
Семинар сабақта ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар, мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормалары айтылды.
Семинар соңында әскери қызметшілер көкейтесті сұрақтарын қойып, тұжырымды жауаптарын алды.
Р.Нұралин ҰҚК ШҚ 2201 әскери бөлімінің заңгері