Облыстық онкологиялық диспансерде 18 қарашада сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өкпе қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру айлығына орай «ашық есік күні» өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл күні орталық мамандары өз денсаулығына бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарға төмен дозалы компьютерлік томография көмегімен ақыл-кеңес беріп, тегін тексереді.
Қабылдау тегін, әрі дәрігердің жолдамасы қажет емес. Қосымша ақпарат алу үшін, Call-орталыққа 8(708)604-24-92 8(708)604-24-91 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.