Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне сәйкес, жыл басынан бүгінге дейін қызылшаның 3626 күдікті жағдайы тіркеліп, 1820-сы дәлелденген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар саны – 322. Қызылша дерегі ең көп тіркелген жас аралығы – 1-14 жас, яғни 1146 адам. Сонымен қатар 15-18 жас аралығындағы жеткіншектер арасында 43 жағдай анықталып, 19 жастан асқандар арасында 277 адамда қызылша тіркелген.
Ал облыстағы қосымша жаппай иммундау нәтижесінде бүгінге дейін 6670 адам екеп алған:
6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі бала - 1795;
2-4 жастағы бала – 4282;
Медицина қызметкерлері – 278;
1 жас пен 18 жас аралығы – 315.
«Қызылшаға қарсы вакциналар –қауіпсіз және тиімді. Вакциналар мұқият зертханалық сынақтардан өтеді және 60 жыл қолданудан кейінгі қауіпсіздігінің жақсы көрсеткіштерін иеленеді. Қызылша құлақ инфекциялары, пневмония, қайтымсыз кереңдік, энцефалит сияқты ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Егер ұжымдық иммунитет қалыптастырмаса, қызылша көпшілік арасында жылдам таралады»,- делінген Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарламасында.
Роза Әділханқызы