10 желтоқсан күні ауа-райының қолайсыздығынан Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында жарық өшкен. Мамандардың шұғыл жұмыс істеуі нәтижесінде жарық жүйесі қалыпқа келтірілді. Қазір аудандық аурухана штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында автономды қазандық жұмыс істеп тұр. Кеше кешкісін ауа-райының қолайсыздығынан тоқтан (замыкание) ақау туындап, жарық өшкен еді. Дереу жұмыстар жүргізіліп, қазіргі уақытта жарық, жылу, су жүйесі қалыпты деңгейде жұмыс істеуде, - деді Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының директоры Берікқали Қазбаев.
Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған ауруханада 83 адам ем алып жатыр.
— Осы ауруханада емделіп жатқаныма 1 аптадай болды. Жағдайымыз жақсы. Су, жарық, жылу бар. Тамағымызды уақытылы ішіп жатырмыз. Дәрігерлер емдеп жатыр. Жақсылықтан басқа айтарым жоқ, - деді ауруханада ем алып жатқан аудан тұрғыны.