• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Алдын алу жұмыстары нәтижесіз емес

    [ 2023 ] 12 желтоқсан, 12:08  |  Денсаулық

    АИТВ-инфекциясы–иммундық жүйеге әсер ететін адамның иммун тапшылығы вирусы екенін көпшілік біледі. Бірақ, неге екені белгісіз, бұл жұқпадан сақтануға келгенде салдыр-салақтыққа жол беріп жатады. Соған қарағанда, кей адамдар осы аурудың қауіптілігі мен одан сақтану жолдарына назар аудара бермейтін сыңайлы. Соған орай ЖИТСке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың инфекционист дәрігері Әлия Абраевадан АИТВ мен ЖИТСтің айырмалышығы, дерттің қалай жұғатыны, одан сақтану жолдары жайында сұраған едік.

    -АИТВ–жұқтыру арқылы пайда болатын баяу үдемелі жұқпалы ауру,-деді ол.-Соның нәтижесінде ағза оппортунистік инфекциялар мен ісіктерге өте сезімтал болады. Соңы науқастың өліміне апарып соқтыруы мүмкін. Ал ЖИТС (жүре пайда болған адамның иммун тапшылығы синдромы)–АИТВ инфекциясы дамуының соңғы кезеңі. Инфекция көзі(аурудың барлық кезеңдерінде АИТВ жұқтырған адам. АИТВ жұқтырудың 3 жолы бар. Бұлар–байланыс (жыныстық); парентеральды (құрамында АИТВ бар қанмен ластанған қан, шприцтер, инелер, кескіш құралдар және т. б. арқылы); табиғи жолмен анадан балаға жұғуы, яғни перинаталды; АИТВ инфекциясын жұқтырудың ең қауіпті жолы–жыныстық қатынас арқылы. Ол бірінші орында қалады. Егер жыныстық серіктес инъекцияға тәуелді болса, гомо немесе бисексуалдық қарым-қатынас сияқты көптеген жыныстық серіктестері болса, жыныстық жолмен жұқтыру қаупі артады. Ең қауіптісі-қабылдаушы серіктестің тік ішек тіндерінің зақымдану ықтималдығына байланысты анальды жыныстық қатынас. Маңғыстау облысында АИТВ инфекциясының жыныстық гетеросексуалдық берілу жолы 73,8%, гомосексуалдық – 8,2% болып отыр.

    Әлия Жақсылыққызы АИТВ инфекциясына әсер ететін факторлар–нашақорлық, асоциалды өмір салты, қан құю, АИТВ жұқтырған анадан туу, жыныстық жолмен берілетін аурулар екенін еске салды. Ал АИТВ жұқтырған адамдар арасында 20-29 жас аралығындағы адамдар басым екені және ер адамдардың үлесі шамамен 70% болатыны біраз жайтты аңғартса керек.

    -АИТВ жұқтырудың негізгі факторлары–жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) болуы. ЖЖБИ инфекция қаупін 6-9 есе арттырады. Көптеген ЖЖБИ, яғни, мерез, герпес секілді аурулардан жыныс аймағында жаралар пайда болады да, бұл вирустың енуін едәуір жеңілдетеді. АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары–қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, презервативтерді қолдану; жыныстық жолмен берілетін басқа ауруларды емдеу; есірткіні инъекциялық жолмен қолданатын адамдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оларды қорғау құралдарымен (стерильді шприцтермен, презервативтермен) қамтамасыз ету; АИТВ инфекциясынан қорғаудың абсолютті сенімді құралы–есірткі қолданудан толық бас тарту; медициналық тәжірибеде асептикалық жағдайларды қамтамасыз ету; АИТВ инфекциясы бар науқастарға, олардың отбасыларына және айналасындағыларға медициналық көмек пен әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру,-деді дәрігер.

    Маманның айтуынша, салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасау–АИТВ инфекциясының алдын алудың негізі.

    Дегенмен, Әлия Абраева жеткізген мәліметке сүйенсек, биылғы 11 айлық қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында АИТВ инфекциясы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 8 науқасқа төмендеген. 2023 жылғы көрсеткіш бойынша АИТВ жұқтырған 61 адам тіркелген, ал 2022 жылы дәл осы уақытта 69 адам тіркеліпті. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2023 жылы 1 бала тіркелді. Мұндай көрсеткішке қол жеткізу–орталықта өткізіліп жатқан кешенді шаралар, алдын алу жұмыстарының нәтижесі болса керек.

    195
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

    Келесі жаңалық

    Жыл басынан бері жедел жәрдем 250 мың адамға көмек көрсеткен

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        Редакция туралыХабарландыруСұхбатҚызық дерекМәселеРухани жаңғыруРедакция ұжымыСпортЭкономикаЖаңалықтар

      Автордың басқа да жазбалары

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      407

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      246

      Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      213

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

      29 қазан, 15:36
      208

      Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті

      27 қазан, 13:00
      854

      Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

      25 қазан, 14:02
      235

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»