© Суретті түсірген Т. Құсайын
Бұл сұрақты «Маңғыстау облысының әкімдігі» Telegram чат арнасында Ақтау қаласының тұрғыны жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
– Былтыр қараша айында 7 ш/а бірінші емханаға барсам, қыркүйектен бастап енілгендіктен вакциналар бітті деген жауап берді. Вакцина саны қалай есептелген деген сұраққа олар жауап бере алмады. Олар емханаға тіркелген халы санына қарай есептелуі керек қой. Сондықтан биылғы екпе науқанының нақты уақытын атауыңызды сұраймын»,- деп жазды тұрғын Галина.
Бұл сауалға МО ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Абзал Сырым жауап берді.
– Облыста қазан айынан бастап тұмауға қарсы иммундау науқаны басталмақ. Балалар мен ересектерге арналған тұмауға қарсы 90 мың доза вакцина сатып алу жоспарлануда, олар облыстағы барлық медициналық мекемелерге таратылады.
Вакцинацияланғандар контингенті: медицина қызметкерлері; медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар; балалар үйінің тәрбиеленушілері; қарттар үйлерінің контингенті; эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егілмек. Вакциналар саны облыстың кем дегенде 10 пайызын қамтуы керек, - деді Абзал Сырым.