Маңғыстау облысында қатерлі ісікке қарсы күрес қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік онкологиялық диспансерінің директоры Нұрлан Жариев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, күрестің нәтижесінде өткен жылы қатерлі ісіктің 4 сатысында 90 қатерлі ісік анықталса, оның динамикада 9,0% - ға төмендеуі байқалады. Сондай-ақ, динамикада 5 және одан да көп жыл өмір сүретіндердің үлес салмағының өсуі 2023 жылы 54,6% құрады. Бұл нәтиже 2022 жылмен салыстырғанда 2,1% өскен.
-Былтыр көзге көрінетін қатерлі ісік локализациясы бойынша өсіп кеткен қатерлі ісіктің үлес салмағының 18,1% - ға төмендеді. Десе де, өңірімізде қатерлі ісіктің 1-2 сатысындағы науқастардың саны 3,3% - ға, ал 0-1 сатыда алғаш рет анықталған қатерлі ісіктер саны 7,4%-ға өсті, - деді Нұрлан Жариев.
Сондай-ақ, спикер брифингте онкологиялық диспансерінде өткен жылы скринингтен қанша адам өткендігі жайлы айтып өтті.
-Былтырғы нәтиже бойынша сүт безі обыры скринингінен 29 мыңнан астам әйел өтті. Ал, жатыр мойны обыры скринингінен 35 248, колоректалды обыр скринингінен 30 592 өтті. 2022 және 2023 жылдары барлығы 190 603 тұрғын скринингтік тексеруде болды. Нәтижесінде 63 тұрғыннан қатерлі ісік аурулары, 2706 тұрғыннан қатерлі ісік алды жағдайлары анықталды, - деді Нұрлан Жариев.
Сонымен қатар, Нұрлан Жариев орталықта «Ашық есік» күні 12 рет өткенін тілге тиек етті. Ашық есік күнінде өткен жылы 39 қатерлі ісік, 91 қатерлі ісік алды аурулары, 119 басқа аурулар анықталған.