МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
профилактикалық медициналық тексерулер;
учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
медициналық оңалту;
стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.