Әлемде оқыс оқиғадан бақилық болғандар және қатерлі ісіктен көз жұмғандар саны алдыңғы қатарда тұр. Ресми деректерге сүйенсек, онкологиялық аурудан айықпай, дүние салғандар жылдан-жылға көбеюде. Осыны біліп отырған әр елдің онкологтері қатерлі ісікті мейлінше ерте сатыда анықтап, науқасты емдеп жазудың тың тәсілдерін меңгеруге талпынуда. Біз Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансердің директоры Нұрлан Жариевтан осы қатерлі ісіктен облыс тұрғындары қалай емделуде, МӘМС жүйесі қаржыландырудың аясында жасалып жатқан оң өзгерістер бар ма? Осы бағытта сөзге тартқан едік.
1. Құрметті Нұрлан Нуратдинұлы, жалпы оқырманға түсінікті болуы үшін өзіңіз басқарып отырған облыстық Онкологиялық диспансерде қандай медициналық қызметтер көрсетеді, бүгінгі жағдайына қысқаша тоқталып өтсеңіз?
Маңғыстау облысының онкологиялық диспансері қатерлі ісікті анықтау бойынша 31 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен (12 мемлекеттік, 19 жекеменшік) халыққа онкологиялық көмек көрсету үшін бірлесіп жұмыс жасайды. Емдей диагностикалық қызмет көрсету үшін онкологиялық диспансер 135 тәуліктік және 25 күндізгі төсек-орынмен қамтылған, сондай-ақ ауысымына 150 келушіге арналған консультациялық-диагностикалық емхана жұмыс жасайды.2022 жылы онкологиялық диспансердің жаңа ғимараты эксплуатацияға беріліп, оның ішінде желілік үдеткіш, брахиотерапияға арналған аппарат, с-дуга, жоспарлы жүйесі бар КТ, МРТ, стереотактикалық жүйесі және томосинтезі бар цифрлық маммограф, эндоузи, әрлеу операциялық бөлмелері және жедел қызметті ашық және аз инвазивті тәсілдермен жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен реанимация бөлімшесі пайдалануға берілді. Сондай-ақ емдеу-диагностикалық қызметке арналған басқа да жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бүгінде диспансер 90 пайыздан жоғары медициналық құрылғылармен жабдықталған және кешенді түрде қатерлі ісіктің барлық түріне ота, сәуле , химиотерапия емдерін өткізеді.
2. 12 жылдан бері осы салада жұмыс істейсіз. МӘМС жүйесі іске қосылғалы бері қатерлі ісікпен күресте не өзгерді?
Айтарлықтай өзгеріс көп, тиімділігі, пайдасы өте көп деп айта аламын. Бірінші кезекте қаржыландыру деңгейі өсті. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұрын кешенді тариф болатын. Ол онкологиялық диспансердің барлық қажеттілігін қамтамассыз ете алмады. Мысалы 2023 жылы облыстық онкологиялық диспансер 4,5 млрд қаражатқа қызмет көрсетті. Ол қаражаттың ішіне диспансерде зерттеу, емдеу-сауықтыру (ота жасау, сәулелік және химиотерапия) қызметтерін бар. Одан басқа емханалар арқылы қатерлі ісікті анықтау үшін КТ және МРТ тегін өту, мобильді бригадаларды ұйымдастыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, скринингтерді ұйымдастыруға бөлек қаржат бөлінеді, мәселен КТ, МРТ тегін өткізуге 2023 жылы 88,0 млн тенге бөлінді және игерілді. Ерекше айта керетін жайт, бұрын қаржыландыру аз кезінде жылына 60-80 ота жасалса, өткен жылы біздің орталықта 560 ота, 340 сәулелік терапия және 4700 химиотерапиялық ем жасалды. Биылғы жылдың жоспары бойынша жыл соңына дейін 700 астам қатерлі ісікке ота жасамақпыз. Бұл біздің орталықтың кәсібі мамандармен толығуымен, техникалық құрал жабдықтардың заманға сай болуымен байланысты. Бұрын қатерлі ісік ауруына шалдыққандар ем алу үшін Алматы, Астанаға тіпті шет ел асып кететін еді. Бүгінде тұрғындар алысқа арқаланбай-ақ отаны Ақтауда жасайтын күнге жеттік. Біздің статистикамыз бойынша бұрын адамдар шамамен жылына 400-500 адам республикамыздың басқа қалаларына және шет елде ота жасатып, емделетін. Бүгінде оның саны әлкеқайда қысқарып, 100 адамнан аспайды. Мұның барлығы Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлініп отырған қаржының арқасында. Биыл, 2024 жылы, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласына 84 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Бұл үлкен қаражат саланы дамытуға тұрғындарға толлыққанды медициналық қызмет көрсетуге болады деп ойлаймын. Бұл қор болмаса мұндай көлемдегі қаржыны кім берер еді?Облыста 20 дан астам КТ, МРТ аппараттары бар. Бұл халық санына шаққанда кейбір үлкен қалаларда бұлай қамтылмаған.
3. МӘМС аясында онко скринингтің қанша түрінен өту керек?
Скрининг-бұл тәуекел факторлары мен ауруларды ерте сатыларда анықтау үшін белгілі бір жастағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеру. Скринингтік тексерулер ауруды ерте кезеңде немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеуді таңдауға және профилактикалық шаралар кешенін тағайындауға көмектеседі.
Скринингтер толығымен тегін. Профилактикалық тексерулерді қаржыландыру МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондықтан скринингтен өту үшін сақтандырылу мәртебесіне ие болу қажет.
Скринингтен өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Ол үшін әрбір алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінде скринингтік кабинеттер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу керек.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру аясында жылына бір рет әр сақтанушыға тегін тексеруден және кәсіби тексеруден өтуге шақырады.
Қазір елімізде ақысыз түрдегі скринингтің үштүрі бар: сүтбезі қатерлі ісігі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін), колоректальды қатерлі ісік (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер үшін), жатыр мойны обыры (30 жастан 70 жас аралығында).
Скринингті тіркелген емханасы да өткізуге болады.
Жалпы Қазақстанда онкологиялық аурулардың ең көп кездесетін түрлері: сүтбезі, өкпе обыры, колоректальды обыр, жатыр мойны және асқазан обыры.
Мысалға айтар болсам 2022-2023 жылы скринингтің арқасында тек жатыр мойыны обырының туындауы қатерлігі болған жағдай 1100 дей әйелден анықталды және алдын алу ме домы жасалды. Бұл мың әйелдің қатерлі ісік ауруна шылдығуынан сақтандырылды деген сөз.
Жалпы 2022-2023 жылдары облысымызда 195000 адам онкологиялық скрининтік тексеруден өткізілді. Соның ішінде 2023 жылдың 12 айында сүт безі обыры бойынша 29359 әйел азаматы, жатыр мойны обырына 35248, колоректалды обыр скринингі бойынша 30592 тұрғын тексерістен өтті. Соның ішінде науқастың 0-1 сатыда 281 қатерлі ісік жағдайы анықталды.
Жалпы обыр бір мезетте пайда болатын ауру емес. Оны ерте анықтау үшін маманға жүгіну қажет. Дер шағында анықталса науқастардың жазылып кетуі мүмкіндігі немесе обыр ауруына жеткізбей емделуі мүмкіндігі бар. Үшінші сатыда анықталған обырдан аман қалу мүмкіндігі ісіктің түрі мен құрылымына байланысты – 60-70%. Төртінші сатыдағы обырды емдеп жазу қиын. Сондықтан дәрігерге қаралып, скринингтерден өтіп тұруға шақырамын.
4. МӘМС жүйесі облыстық онкологиялық диспансерге тағы қандай оң әсерін тигізді?
Адамдарды обыр ауруынан алдын ала анықтау жағы өте тиімді әсер едуде. 2023 жылы біз 281 адамнан ісіктің ерте 01 сатысында анықтадық. Бұл — науқастардың өмірін ұзартуға көп септігін тигізеді. Айта кететін жайт, бес және одан да көп жыл өмір сүретін науқастардың өсу динамикасы артып отыр. Мәселен, 2022 жылы 53,4% болса 2023 жылы 54,6% құрайды, яғни өсім 2,1%.Бұған қоса, Мәндетті әлеуметтік сақтандыру біздің орталықты білікті мамандармен толықтыруға септігін тигізіп отыр. Науқастарды емдеуде басты фактор ғимарат немесе қымбат құралдарда емес бастысы білікті, кәсіби мамандарда. Осыдан 10-15 жыл бұрын облыста қатерлі ісікті емдейтін маман жоқтың қасы болатын. МӘМС тің қаржыланлдырудың арқасында еліміздің басқа аймақтарынан, Алматы және Астана қалаларынан, Ресейден білікті мамандар келді, онкоурологияны, бас-мойын обырларын анықтау және емдеу, қатерлі ісікке шалдыққан нақастарға реабилитация өткізуді жолға қойдық, профессорлық оқытушылар құрам құрдық, бүгінде 3 профессор, диагностика емдеуде 3 ғылым кондидаттары бар. 10 нан астам жас маманды резентурада оқыттық, биыл тағы 11 маман оқып жатыр. Жоспарымыз бойынша 2027 жылға дейін жергілікті 25-30 жас маманды осы сала бойында оқытуды жоспарлап отырмыз. Соның арқасында біздің облысқа еліміздің түкпір-түкпірінен тіпті Ресейден де келіп ота жасататындар бар. Осылайша біз МӘМС-тен бөлініп отырған қаржының арқасында орталығымызды дамытып жатырмыз. Тек қаржыны тиімді пайдалану керек. Тұрғындар үшін тағы айтып өтетін жайт жоғарыда аталған шаралардың барлығы МӘМС жүйесі аясында барлығы тегін, ақысыз негізде жүргізіледі.