Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін «Ашық есік» күні өтті. Бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өтетін бұл іс-шараға 128 тұрғын келіп, тегін тексеріліп, мамандардан тегін кеңес алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты өңірлік онкологиялық диспансердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Диспансер мамандарының айтуынша «Ашық есік күні» тұрғындардың асыға күтетін жақсы бір іс-шарасына айналып келеді.
- Халық өз денсаулығына мән беріп келеді. Мәселен, бүгінгі іс-шара нәтижесінде 128 тұрғынның 22-нен қатерлі ісік алды, ал 4 тұрғыннан қатерлі ісік анықталды. Ал 21 адамның өзге ауруға шалдыққаны анықталып, оларға тиісті дәрігерлердің кеңесі берілді, - деді облыстық онкологиялық диспансердің клиникалық емхана меңгерушісі Меруерт Мұқанғожина.
Атап айтқанда, цитологиялық тексеруден – 83 адам, УДЗ аппаратынан – 95, маммографиядан – 43 және төмен дозалы КТ құрылғысынан– 62 адам өтіп, жалпы саны 192 тексеру тағайындалған.
Мамандар қатерлі ісік дертіне салғырттық танытпай, дер кезінде медициналық тексеруден өтіп тұруға кеңес береді. Мұндай тегін тексерулер облыстық онкологиялық диспансерде тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.