© Суретті түсірген Т. Құсайын
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрқан Сәдуақасов 2023 жылдың 1 қазанынан бастап эпидемияға қарсы іс-шараларды, оның ішінде тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусымда келесі әрекеттер жасалады:
• осы жылдың 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізу;
• медициналық ұйымдарда кіре берісте "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
• ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету;
• мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету.
Орта білім беру ұйымдарында: бір инкубациялық кезең ішінде бір сысынып санынан бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады. Сонымен қатар бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30% және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылмақ.