2023 жылы көкжөтел ауруының 91 жағдайы тіркелді. Науқастардың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көкжөтел – балаларда жиі кездесетін және жылдамтаралатын тыныс жолдарының жұқпалы ауруы. Науқас бала жөтелгенде бактериялар оның демі мен қақырығы арқылы ауаға тарап, сау балаға жұғады. Сонымен қатар сырқат баланың пайдаланған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы да ауру жұғуы мүмкін.
Көкжөтел ауруының асқынуы тыныс жолдарының, мидағы қан айналымының бұзылуына әкелуі мүмкін. Жыл басынан бері өңірімізде көкжөтел ауруын жұқтырғандар дерегі тіркелмеді.
«Әдетте көкжөтел 6-7 аптаға созылады. Алғашқы кезде бала жөтеледі, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы 38,5 – 39°С-қа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті болмайды. Бірте-бірте жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай), жиі жөтелген кезде бала булығып қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Бұл кезең 2 аптаға, кейде 2 айға созылады. Кейін көкжөтелдің беті қайтып, тұншықпалы жөтел азая бастайды, бала 2-3 апта “жай” жөтеліп жүреді де, бірте-бірте аурудан айығады», - дейді Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Шорбасова Гүлшат Сырымбетқызы.
Көкжөтелдің алдын алу (профилактикасы):
1. Қазақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға 2,3 және 4 айлығынан бастап ГЕКСАКСИМ екпесі (АбКДС+Хиб+ВГВ+ИПВ) егіледі, одан әрі қарай балаға 1 жас 6 айында және 6 жасқа толған кездеревакцинация (қайталап екпе егу) жүргізіледі;
2. науқас баланың тағамы дәрумендерге толы болу қажет;
3. балаға тек дәрігер белгілеген ем-шараны қабылдау керек.
Мамандар бір жасқа дейінгі емізулі балалар үшін көкжөтел ауруы қауіпті, сондықтан ауруға қарсы екпені мүмкіндігінше белгіленген мерзімде жасауға кеңес береді.