• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

«Жедел жәрдем» - жанқияр еңбек жемісі

[ 2017 ] 12 қаңтар, 08:29  |  Денсаулық

Ауруы асқынып, дерті дендеп, дел-сал күй кешкен жан «Жедел жәрдемге»  жүгінеді. Ажал апанынан аман алып қалар ақ желекті жандар қас пен көз арасында құстай ұшып жетіп, дертке дәрмен табуы - «Жедел Жәрдем» үшін айнымас қағида. Қатаң талап, қатал тәртіп «Жедел жәрдем» қызметінің негізі. Күн-түн, аптап ыстық, ызғар суық демей, бір демде жетіп, білік пен тәжірибені ұштастыра дереу шешім қабылдау, жоғары сапалы кәсіби көмек көрсету кез келгеннің қолынан келе бермейді. Сондықтан болар, «Жедел жәрдем» мамандары өз ісіне әбден машықтанған, төзімі болаттай берік, мінезі мығым, қиыннан қисын тауып, құтқару ісінде тәуекелге бас тігер батыл жандар.  Сұм ажалдың алдын орап, сан түрлі сырқатқа дауа тауып, демеу болған қалалық «Жедел жәрдем» қызметін  бүгінде Болат Сәрсенұлы  басқарады. Болат аға күрмеуі қиын іске сонау 1992 жылдан бері араласқан екен. Бала дәрігері бола жүріп балауса өмір саулығы үшін қызмет қылады. Бірталай жыл «Жедел жәрдем» жүйесінде толайым тәжірибеге кенелген маман бертін келе басқарма тізгінін ұстайды. «Жедел жәрдем» жұмысын жан-жақты үйлестіру, мемлекет қаржысын тиімді жұмсау, қол астындағы қызметкерлерге нұсқау беру,  халықтың талап-тілегіне құлақ түру оңай шаруа емес. Сын тезіне жиі ілігетін істің бар-жоғына бақылау жасап, кем-кетігін түгендеп, оң-терісін анықтау еңсе басар еңбек екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Десекте, өз кәсібіне адал, ісіне бекем Болат аға «Жедел жәрдемді» жаңғыртып, ілгері сүйреп, жаңа деңгейге көтеруден әсте жалыққан емес. Десекте, түйіні тарқамаған түйткілді мәселе аз емес. Мәселен, тісқаққан маман  мен замана талабына сай технология тапшы. Бұның өзі жоғары сапалы қызмет көрсетуде біршама қиындықтардың туындауына сеп болады. «Біздің қызметте науқасқа дер кезінде, шұғыл медициналық көмек көрсету өте маңызды. Сол себепті «Жедел жәрдем» ғимараты халық тығыз орналасқан қала орталығында орын тебуі тиіс. Өндірістік аймақтар мен аудан орталықтарында бөлімшелер қызмет етуі қажет. Мәселенің бір ұшы тәжірибелі мамандарға келіп тіреледі. Бұрынырақта «Жедел жәрдем» жүйесінде шұғыл шақырылым бригадасы 80 пайыз дәрігерлерден, 20 пайыз орта буын медициналық қызметкерлерінен құралатын. Қазіргі таңда кері үрдіс  орын алған. Әйтседе, біз бұл олқылықтың орнын толтыруға бар күш-жігеріміз бен тәлім-тәжірибемізді сарп етудеміз. Орта буын медициналық қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіру мақсатында оқу курстарын ұйымдастыру қолға алынған. Нәтиже бар. Жұмыс ойдағыдай жүзеге асуда. Қызмет барысында дәрігерлер арасында тұрақты байланыс орнаған. Бір-бірінің кеңесіне құлақ түріп, ортақ шешім қабылданады»,-дейді Болат Сәрсенұлы. Қазіргі таңда Ақтау қаласында үш «Жедел жәрдем» бөлімшесі қызмет етеді. Оның бірі жуырда ғана 12-шағынаудан аумағында іске қосылды. Қала халқының үздіксіз өсуі мен аумағының солтүстік-батыс бағытқа кеңеюі себебінен «Маңғыстау облыстық қан орталығы» ғимаратында тағы бір жаңа бөлімше ашылады деп жоспарланған. Болашақта жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған жаңа құрылыс нысандары жанынан Орталық жедел жәрдем стансасы бой көтермек. Кең әрі жайлы ғимаратта ақ желекті жандардың жұмысын оңтайландыру мақсатында жан-жақты жағдай жасалады. Демалыс орындары, асхана, автокөлік тұрағы, көлік жуу орталығы, көлік жөндеу стансасы жаңа типтік ғимарат ішінде орналасады. Соңғы үлгідегі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталып, үздіксіз қуат көзімен және резервтік генератормен жарақталады. «Үкімет бастамасымен әрі ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі қолдауымен облыс орталықтарында  «Облыстық жедел жәрдем» стансалары қызмет етуі тиіс делінген үкім шыққан болатын.  Облыстық орталық өңір бойынша орналасқан бөлімшелер қызметіне бақылау жасап, нұсқаулықтар беріп отырады. Нәтижесінде, бірегей электронды ақпараттық жүйе құрылып, «Жедел жәрдем» қызметі бірқалыпқа түседі»,-деп атап өтті станса директоры. Заман талабына сай медициналық жабдықтар - науқасқа сапалы қызмет көрсету мен  нақты дерек нәтижесінде диагноз қою құралы.  Бұл тұрғыдан қазіргі «Жедел жәрдем» қызметі ақсап тұр. Мәселен, әлемдік тәжірибеде науқас  үйінде отырып-ақ, ЭКГ сынды  скринигтік тексеру нәтижелерін ғаламтор желісі арқылы бас дәрігерге жіберу және лезде кеңес алу тәсілі кеңінен қолданылады. Автокөлік  мәселесі де мәз емес. Әрине мұндай қиындықтар тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге кедергі болары сөзссіз. Ел арасында «Жедел жәрдем» қызметіне қатысты түрлі назарға ілігіп, наразылық тудырған  алып-қашпа әңгімелер мен қатал сынның көптігі осыған дәлел болары сөзсіз. «Мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген қаражат тәулігіне 206 шақырылымға көзделген. Ал қазіргі таңда 500-ден аса шұғыл шақырылым бойынша қызмет етудеміз. Телефон желісі дамыл таппайды. Бір күнде мыңнан аса тұрғын «Жедел жәрдем» көмегіне жүгінеді. Бірі медициналық ақыл-кеңеске құлақ түрсе, өзгесі дереу көмекке зәру екендігін білдіреді. Күн суытып, жедел респираторлы аурулардың асқынуына байланысты (ЖРВИ) шақырылым күрт өсті. Бұл үрдіс мейрам әрі демалыс күндері қайталанады. Заң талаптарына сәйкес, «Жедел жәрдем» қызметі 6 деңгей бойынша медициналық көмек көрсетеді. I, II, III деңгейде оқыс оқиға не жазатайым жайт орын алып, ауыр жарақат анықталса, яғни жол-көлік оқиғасы, күйік шалу, ішкі ағзаларға зақым келу, өз-өзіне қол жұмсау әрекеті, жүрек-қан тамырлары аурулары асқынуы, аяғы ауыр нәзік жандылар, жануарлар тарапынан шабуылға ұшырау, дене қызуы көтерілу, естен тану, соқырішек сынды аса ауыр жағдайларда 5  минут  ішінде шұғыл медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Орта деңгейде яғни тағамдардан улану, несеп жолдары ауруларында, аллергиялық белгілер анықталғанда, бөртпе пайда болғанда «Жедел жәрдем» көлігі 20 минут ішінде жетеді. Ал жеңіл жарақат анықталса, жарты сағат көлемінде көмек көрсетіледі»,-дейді Болат аға. 1-шағынауданда орналасқан «Жедел жәрдем» бөлімшесінде 5 диспетчер маман қызмет етеді. Оның бірі – аға диспетчер. Үш телефон желісі бар. Телефон желісі арқылы түскен деректі  диспетчер саралайды. Білікті диспетчер – тәжірибелі маман, білгір дәрігер. Алдымен жеке тұлғаға қатысты, ауру белгілері мен сипаты, науқастың хал-ахуалы жөнінде толық ақпарат алынады. Мәлімет бойынша нақты диагноз қойылып,  білікті мамандарға бағытталып, бригада жөнелтіледі. «Жедел жәрдем» стансасында бала дәрігер, жүрек-қан тамыры ауруларын емдейтін кардиолог мамандар, жансақтау бригадасы мен жалпы дәрігерлер және орта буын медициналық қызметкерлері жұмыс істейді. Автокөліктер сан түрлі медицина саласы бойынша түрлі жабдықтармен әрі қажетті дәрі-дәрмектермен  қамтылады. «Біздің бөлімшеде 16 дәрігер тұрақты қызмет етеді. Қалалық емхана мен өндіріс орындарынан вахталық әдіс бойынша жұмыс жасайтын 8 дәрігер бар. Ал орта буын медициналық қызметкерлер саны – 110. Әрбір ауысымда 27 фельдшер қызмет етеді»,-дейді бөлімше басшысы. Бүгінде қалалық «Жедел жәрдем» қызметі бірқалыпқа түсіп, сапалы медициналық көмек көрсетуде оң нәтижелерге ие болды. Ұйымшыл әрі тату ұжым биыл жеті қызметкерді құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Бір салада сан жылдар бойы қалтқысыз қызмет еткен  жандардың «Жедел жәрдем» жүйесінде орны бөлек. «Жедел жәрдемде 17 жыл бойы тұрақты қызмет еттім. Бір отбасыдай тату-тәтті жұмыс істедік. Басымыздан түрлі жағдай өтті. Ең бастысы адам өмірін алып қалуда барын салатын білікті дәрігерлермен қызметтес болдым. Қиыны мен қызығы қатар жүреді. «Жедел жәрдем» қызметкерлерінің еңбегі зор. Өз ұжымымды қимаймын»,-дейді  санитар Базархан Сәрсенбаева.

Голрох Жеменей Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

 
2047
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
денсаулық
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Келесі жаңалық

Әдепсіз әдет қылмысқа жетелейді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Астаналық кардиохирург Ақтау тұрғындарын тегін қабылдайды

    10 тамыз, 12:07
    210

    Маңғыстауда АПВ вакцинасының 17 мыңнан астам дозасын сатып алу жоспарланып отыр

    9 тамыз, 12:32
    280

    Ақтауда өкпеге түскен қатерлі ісікті анықтау мақсатында ашық есік күні өтті

    2 тамыз, 16:48
    408

    Ақтауда өкпеге қатерлі ісігімен күрес күніне орай ашық есік күні өтеді

    30 шілде, 11:08
    488

    Маңғыстауда 100-ге жуық науқас созылмалы вирусты С гепатитімен тіркелген

    30 шілде, 10:25
    454

    Ақтауда күрделі ота сәтті өтті

    25 шілде, 16:36
    876

    Рубрикалар

      ФотоРедакция газеттеріҚазақстан жаңалықтарыДенсаулықХабарландыруӘдебиетӘлем жаңалықтарыАшық қоғам

    Автордың басқа да жазбалары

    «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

    [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
    1683

    Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

    [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
    2779

    Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

    [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
    1658

    Сапалы өнім – табыс көзі

    [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
    2020

    Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

    [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
    2185

    Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

    [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
    1575

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»