Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында жедел жәрдем қызметі жұмысын бастады. Бұл туралы Мұнайшы ауылының әкімінің міндетін атқарушы Айдос Әбдіқадіров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнайшы ауылында 6 мыңнан астам тұрғын бар. Осы күнге дейін Мұнайшы ауылы мен оған қарасты станция Жетібай елді мекеніне Жетібай ауылындағы жедел жәрдем қызмет көрсетіп келді.
«Енді бұл мәселе шешімін тапты. Жаңа жедел жәрдем қызметіне ауылдың орталығынан ғимарат берілді. Оған арнайы автокөлік, медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектер бөлінген. Енді тұрғындарға тәуліктік кезекпен 3 топ қызмет көрсетеді. Әр топта 1 фельдшер, 1 диспетчер және 1 жүргізуші бар», - деді Айдос Әбдіқадіров.