Менингококк инфекциясы – бактериялармен қоздырылатын жіті инфекциялық ауруы, түрлі клиникалық көріністермен симптомсыз тасымалдау, назофарингит (мұрын және жұтқыншақ қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қан зақымдануы) өтеді. Ауру адамдар мен сау тасымалдаушылар инфекция көзі болып табылады, яғни клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк тасымалдаушылары болуы мүмкін. Менингококк инфекциясы аурушаңдық кезеңімен сипатталады – қыста және ерте көктемде аурушаңдық жоғары.
Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның ағзасына науқас немесе тасымалдаушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы енеді. Жұқтырып алған кезден бастап айналадағыларға жұқтырады.
Менингиттің басталуы: күтпеген жерден қатты бас ауыруы пайда болып, құсу, 6-15 сағаттан кейін дене бөртіп, температурасы 39-40 ̊С жетеді, қалтырау болуы мүмкін. Тері бозғылттанады. Жалпы әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Бұл ауру жеңіл өтуі мүмкін, сондықтан тұмау, ангина, тонзиллит және т.б. ауруларды еліктіреді. Ағзаның қорғаныс күшінің әлсіреуі туындаған кезде қатты тоңу, шаршау, қажу қолайлы жағдайда пайда болады, менингококк мидың қабатына еніп, қабынуды қоздырады.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстармен (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) дәрігерге көріну қажет, оның барлық ұсыныстарын орындаңыз. Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда-ойын-сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет. Ғимараттарды жиі желдетіп, ұйымдасқан ұжымдарда ылғалды тазалау жұмысын жүргізу. Созылмалы инфекция ошақтарына санация жүргізу маңызды, балалар жасында бұл жиі ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балаларды оториноларингологтарға тұрақты апару тиіс және мүмкіндігінше алдын алу мақсатында апарған жөн. Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу қажет. Тоңу, ашығу, ұйқысыздық, стресс және т.б. аулақ болу. Ауруды әрқашан емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет!
Ж.ҚОЙШИНА,
дәрігер бактериолог