Ақтауда «Ақ жол – жастар» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Алаштың ақ жолы» атты ашық облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайыс алаңында Білім инновация лицей-интернатының оқушылары жеңіске жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Пікірсайысқа 11 команда қатысты. Олар Алаш идеясы Қазақстан тәуелсіздігінің 28 жыл ішінде орындалғанын сарапқа салып, жан жақты талқылады. Сонымен қатар қатысушылар «Ең үздік спикерді» анықтау мақсатында «Ұлттың ұлылығын сақтайтын кім?» деген тақырыпта ой алмасты. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="89819,89820,89823,89822"] Нәтижесінде 1-орынды «Шалдың балалары» командасы алды, 2-орынға Ш.Есенов атындағы университеті студенттерінен құралған «Нұр-Пікір» командасы лайық деп танылды. Ал жүлделі 3-орынды «Алаш аманаты» қанжығасына байлады. Сондай-ақ жеңімпаздарға ақшалай сыйақы табысталды. «Ең үздік спикер» номинациясымен «Нұр-Пікір» командасының спикері Санжар Сағанбаев марапатталды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="89827,89824,89828,89829,89832"]