Oблыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Маңғыстау облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті талқыланды. Депутаттар аталған мәселе бойынша ұсыныс, пікірлерін ортаға салды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылы аймақтағы 63 мектептің ішіне әжетхана салынады. Осы мақсатта облыс қазынасынан 171 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. Әсіресе, ауылдық жерлердегі әжетханаларды қамту көзделген. Айта кетейік, қазіргі таңда облыс бойынша жалпы білім беретін 139 мектеп бар.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА