Жетібайда 72 пәтерлік екі тұрғын үй салынады
[ 2019 ] 5 желтоқсан, 05:10 | Қоғам
Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков Жетібай ауылында салынатын 72 пәтерлі 3 қабатты екі жалдамалы тұрғын үй құрылысы бойынша дайындық жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жоба бойынша ашық конкурста жеңімпаз болып, «Оңдасын-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталған.
Жобаға бастапқы қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастауға тиісті шаралар жүргізілуде. Жоба бойынша 144 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
3014
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.