Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады, - хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «3 желтоқсан сағат 05:25-те «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған» делінген хабарламада. Апаттан 8 адам қайтыс болған. Айта кетейік, оқиға Қызылордадан 85 шақырым қашықтықта болған. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды. 8 (7242) 24-41-61, 70-03-28 телефондары бойынша жедел желі ашылды.