Ақтауда «МегаСтройСервис» ЖШС тұрғын үй ғимараттарын салумен айналысады. Кәсіпкер бүгінде 12 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, ел игілігіне беріп отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жоба «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында орындалған болатын. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88699,88698"] «Мирас тұрғын үй кешенінің» құрылысы 2 жылда аяқталды. Құрылыс жұмыстары компанияның өз қаржысына салына бастады. Содан кейін қаржының жетіспеушілігіне байланысты «Нұрбанк» АҚ-дан алынған қарыз қаражаты көмегін пайдаландық. Қазір тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Компания және тұрғындар тарапынан да жақсы пікірлерді естіп жүрміз», - дейді «МегаСтройСервис» ЖШС өкілі Балшекер Шағырова. Айтуынша, тұрғын үй 34 шағынауданда орналасқан, көлемі – 12 мың шаршы метр. Онда 1, 2, 3 бөлмелі 179 пәтер бар. Сонымен қатар тұрғындардың «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтер алуына жағдай жасап отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН