"Қаламызда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоларбамен жүріп-тұруына жағдай жасау үшін игі іс қолға алып жатырмыз. Сіздерді әлеуметтік маңызы зор осы шараға бір кісідей ат салысуға шақырамын. Себебі, салынған ғимараттардың көпшілігінде пандустар жоқ (немесе талапқа сай емес). Дегенмен, біраз жұмыстар жасалып жатыр". Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов өзінің фейсбук парақшасында жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Ақтау қаласында 52 жаяу жүргіншілер өткелінің бордюрлері төмен түсірілді. 1269 нысан паспортталып, оның 220-ы мүгедектерге бейімделіп жасалған. Қала әкімдігіне қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы арқылы 1408 көру мүкіндігі шектеулі және қоларбамен жүретін жандарға 2 "Минивэн" маркалы және арнайы құрылғымен жабдықталған 1 Газель көлігімен инватакси қызметі көрсетілді. Сонымен қатар қалалық көлік жолдарға 33 жол белгісі орнатылып, 21 бағдаршамға қосымша дыбыстық құрылғы қондырылды. 48 жол қиылысының 12-сі бейімделді. Ал 2018 жылы бюджет есебінен 24 білім беру нысаны мүгедектерге бейімделген», - дейді қала әкімі. [caption id="attachment_88710" align="alignnone" width="1024"] Суреттер фейсбук парақшасынан алынды[/caption] Аталған мәселені орындау үшін қала әкімдігі Instagram әлеуметтік желісінде жаңа «aktaupandus» парақшасы ашылған. Онда атқарылған жұмыстар мен тұрғындар тарапынан ұсыныс, пікірлері қаралады. Айта кетейік, нысанның құрылысы аяқталып қабылдау актісін есепке алу кезінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 24.04.2017 жылғы № 235 бұйрығына 09.08.2019 жылы министрдің енгізген өзгерісіне сәйкес «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етілді, оны халықтың әлеуметтік қорғау органдары ( "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ) растайды. Содан кейін, «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не есепке қояды», - деп жазған қала әкімі өзінің фейсбук парақшасына.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер қала әкімінің фейсбук парақшасынан алынды