«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауданда қалай жүзеге асуда?
[ 2019 ] 14 қараша, 07:23 | Қоғам
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметі бойынша Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының ХҚКО-на құжаттар тапсыру арқылы жүзеге асады.
- Бағдарламаның талаптарына сәйкес, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары беріледі. Қолдау шараларымен қамтылған мамандар ауылдық елді мекенде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұйымында 3 жылдан кем емес мерзімде жұмыс жасауы қажет.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2009-2018 жылдар ауданымызда 416 маман көтерме жәрдемақымен қамтылған. Оның ішінде 360 білім саласынан, денсаулық саласынан 46, әлеуметтік саласынан - 1, мәдениет саласынан – 7, спорт саласынан - 1, ауыл шаруашылық саласынан - 1. 2019 жылдың жоспарына сәйкес 40 маманға көтерме жәрдемақы қарастырылды. 2011-2018 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несие алған мамандар саны 72 көрсеткішіне жеткен. Осы жылдың өзінде 23 маман тұрғын үймен қамтылса, оның 21-і білім саласына қатысты мамандарға берілген. 1 спорт және 1 денсаулық саласының маманы осы мемлекеттік бағдарламамен сәтті нәтижеге қол жеткізген. Бір жолғы көтерме жәрдемақы мөлшері – 100 АЕК (2019 жылдың 1-маусымынан бастап) – 252 500 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылдың 31 мамырдағы №359 қаулысымен бекітілген. Тұрғын үй сатып алу/салу үшін берілетін бюджеттік несие мөлшері – 1500 АЕК – 3 787 500 теңгені құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы, стандарты және регламенті Түпқараған ауданы әкімдігінің сайтында жарияланған. Ақпарат үшін 22-994 және 22-242 байланыс телефоны бойынша хабарласа аласыздар, - дейді Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысының м.а. Айсұлу Исатаева бізге берген сұхбатында.
АҚКЕТІК-АҚПАРАТ
3275
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.