Финляндиялық фотограф Юусо Хамялайнен Маңғыстау облысына келген сапарында Бозжыра түнін суретке түсірген. Ол өз туындысын «Шөлдегі түн» деп атаған екен. Фин фотографы бұл жолы ай сәулесі арқылы Бозжыра тауын кадрға сәтті таспалаған. Айта кетейік, Бозжыра – Үстірттің батыс бөлігінде орналасқан борлы тау. Жыра бірнеше миллион жыл бұрын тау түзілімдерінің бұзылуынан пайда болған деген болжам бар.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер Юусо Хамялайненнің инстапарақшасынан алынды