Бөлшек сауда кезіндегі екі жақтың құқықтары мен міндеттері
[ 2019 ] 6 қараша, 12:36 | Қоғам
Құрметті тұтынушы! Біздің әрқайсымыз бір кездері тұтынушы құқығының бұзылуына тап болған шығармыз. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңын егжей-тегжейлі зерделеу әрқайсымызға өз құқықтық білімін арттыруға және соңында ел экономикасын күшейтуге көмектеседі. Неге олай десеңіз? Өйткені сауатты тұтынушы - бұл бизнес субъектісіне сапалы тауар шығару үшін ынталандыру және жалпы ел халқының тұрмыс деңгейін анықтайтын индикатор.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 7-бабында тұтынушылардың құқықтары көрсетілген, атап айтқанда:
1) тауарларды сатып алуға шарттарды еркін жасасу;
Мысалы, дүкеннен тұрмыстық техниканы сатып ала отырып, сатушы сізді қосымша сервис сертификатын немесе басқа тауарды сатып алуға мәжбүр ете алмайды. Тауарды сату кезінде оған, әдетте, кепілдік мерзімі белгіленген, ал қосымша сервис сертификаттарының шарттары тауарға кепілдік мерзімі өткеннен кейін оны пайдалануды көздейді.
2) тауар туралы және сатушы туралы ақпарат алу;
Тұтынушының "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 10 және 25-баптарына сәйкес тауар туралы, сондай-ақ сатушы туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар.
3) қауіпсіз тауарды сатып алу;
4) тауарды еркін таңдау;
5) тауардың тиісті сапасы;
6) сапалы және сапасыз тауарды айырбастау немесе қайтару;
Егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алушы оған азық-түлік емес тауар берілген кезден бастап 14 күн ішінде сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) жариялаған өзге де орындарда, бағада айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырысуды жүргізе отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габаритті, фасонды, түстерді, жиынтықтауды және сол сияқтыларды ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы. Тұтынушы үшін қажетті тауар болмаған кезде ол тауардың құнын қайтаруды талап етуге құқылы.
Алайда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар; іш киім; шұлық-ұйық бұйымдары; жануарлар мен өсімдіктер; метражды тауарлар, атап айтқанда барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталар, трикотаж және гардин матасы, жасанды үлбір, кілем бұйымдары, мата емес материалдар, ленталар, шілтер, Тоқыма бау, сымдар, баулар, кабельдер, линолеум, багет, үлдірлер, клеенкалар; ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы қолданылмаса да, тиісті сападағы тауар ретінде 14 күн ішінде айырбастауға және қайтаруға жатпайды. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 516 бұйрығында көрсетілген.
Яғни дәріханаларда сатылатын барлық нәрсе медициналық мақсаттағы бұйымдар емес. Тұтынушы тауарлардың аталған санаттары сапасыз болған жағдайда қайтарылуы тиіс, өйткені сұралған таблеткалар немесе мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді пайдалануға болмайды, ауру жануарлар мен өсімдіктер адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін және т.б.
Сапасыз тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы оның кемшіліктерін ескермесе, өз таңдауы бойынша "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 15-бабы бойынша талаптардың бірін талап етуге құқылы.»
Құрметті тұтынушы! Өкінішке орай, кейбір сатушылар сіздің құқықтарыңызды елемей, сізді сапасыз тауарды қайтарғыңыз келген кезде сервис орталығына жібереді. Тауар сатылғаннан кейін тиісті сапада болмауының себебін сатушы белгілеуге құқылы, заң шығарушы ол үшін сатушыға 30 күн береді.
Сондықтан таңдау-сатушыға немесе сервис орталығына жүгіну тек қана тұтынушыға тиесілі. Және ешкімнің сізді сервис орталығына жүгінуге мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
7) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
8) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;
Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған болса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе онда тауарды айырбастау немесе қайтару орындау тиіс.
Сатушыда қандай құқықтар мен міндеттер бар екенін анықтайық.
Сатушының міндеттері ТҚҚ туралы Заңның 24-бабында көрсетілген.
Сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын теңгемен көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Тұтынушылардың назарын сатушының тауарға кепілді қызмет көрсету бөлігінде құқықтары мен міндеттеріне аударғымыз келеді.
Сатушы дайындаушы белгілеген кепілді мерзімді ұлғайтуға құқылы, бірақ оны азайтуға құқығы жоқ. Алайда, тауарды дайындаушы кепілдік мерзімін 3 жылға берсе, ал сатушы оны азайтатын жағдайлар кездеседі.
Сатушы тауарды (жиынтықтаушы бұйымды) ауыстырған кезде кепілдік мерзімі тұтынушыға берген күннен бастап қайтадан есептеледі.
Егер дайындаушы да, сатушы да тауарға кепілдік мерзімін белгілемесе не істеу керек? "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы сатылған тауардағы кемшіліктер тауар берілген күннен бастап екі жыл шегінде анықталған жағдайда тұтынушыға тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптар қоюға құқық береді.
Сақ болыңыз, тұтынушылар! Өз тұтынушы құқықтарын игерініз!
2967
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.