Теңге ауылының 55 жылдық мерейтойына орай ауылдың көркеюіне, дамуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына үлес қосқан азаматтарды, мекемелерді құрметтеу мақсатында марапаттау шарасы бастау алды. Өзіндік үлкен үлес қосқан жандарға Алғыс хат пен 55 жылдық төсбелгі тапсырылды. Атап айтар болсақ, аталмыш марапаттарға №11, №14, №17 орта мектептер, Тенге бөбекжай бақшасы, Теңге емханасы, «Атамұра» МҮ, Теңге ауылы әкімінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, ауылдың мал дәрігерлері, Қосай ата мешітінің бас имамы, "Глобалстрой и К" ЖШС №8 цех ие болды. Сондай-ақ, қалалық перзентханада да бірқатар дәрігерлер, емхана басшылары мен ардагер медицина қызметкерлері марапатталды. Қатарында Сайран Хангереев, Өзбекбай Әбішов, Оңдаған Алшынов, Аманбай Орыналиев, Мәншүк Мұратова, Саламат Бекназаров, Бақтыгүл Құбашева, Владислав Шин, Валерий Морозов, Сая Айбарова, Раушан Жаппарова, Қалампыр Күзенбаева бар. - 1986 жылы Түрікменстан елінен көшіп келіп, қаланың медицина саласына араластым. Терапевт болдым. Зейнетке шыққанша мамандығым бойынша жұмыс жасадым. Теңге ауылының тұрғынымын. Бүгін құрмет көрсетіп жатқанына ризамын, - деді Ө.Әбішев ақсақал.
Жанайым ЖАРЫЛҚАП