М.Сеңгірбекұлы атындағы гуманитарлық колледжде отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өткізді.Коммунистер партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова студент-жастармен жүздесіп, неке және отбасы туралы әңгіме өрбітті. - Үйленіп, үй болу үлкен жауапкершілікті талап етеді, - деді ол. - Шаңырақта ыдыс аяқтың сылдырын емес, сәбидің былдырын есту үшін қосылған жұп бір-біріне құрметпен қарауы керек. Сыйластық болмаған отбасыға береке мен бірлік орнамайды. Отбасы екі жастың өзара тілтабыса алмағандығынан ойрандалады. Осының салдарынна жесір әйел, жетім бала пайда болады. Отбасының іргетасы берік болғаны жеке тұлғалар үшін ғана емес, мемлекет үшін де маңызды. Берекелі отбасының өкілдері ғана мемлекеттің гүлденуіне үлес қоса алады. - Мұндағы мақсат өскелең ұрпаққа тәрбие беру, оларды от басудан, адасудан сақтау, - деді саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Бауыржан Абдықадыров. Ұстаздар ұжымыоблыстық комитет активіне мазмұнды әрі мағыналы кездесу үшін алғыс айтты. Ал колледж студенттері осындай кездесулерді алдағы уақытта жиі өткізіп, жүздесіп тұрғылары келетіндерін жеткізді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА