Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Бірінші хатшысы Исибики Юкионы қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап. Кездесу аясында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және болашағы туралы баяндады. Сондай-ақ, туризм, логистика және энергетика салаларын дамыту мәселелерін талқылады. Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Жапония арасындағы өзара сауда көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 3,668,38 мың долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға көп. Кездесу соңында Исибико Юкио Маңғыстау облысының басшылығына тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыс нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтағанын айтты.