Ақтау қаласында Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлерге арналған бірегей жоба – «Сәттілік марафоны» форумы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап. Тәжірибелік тренинг нәтижесінде кәсіпкерлер бизнес-жоспар жасап, өз идеяларын сарапшылардың қолдауымен нақты бизнеске айналдыруға қадам жасады. Сондай-ақ, форум қатысушылары стартапты қалай жылдам ақтауға болатыны жайында, салыққа қатысты барлық мәселелерді және нөлдік бюджет пен маркетингтің қандай құралдарын қолдануға болатыны туралы жан-жақты мағлұмат ала алды. Аталмыш жоба Маңғыстау облысындағы жаңа бастаған кәсіпкерлердің инновациялық және бизнес идеяларын қолдауға, әрі дамытуға жасалған үлкен мүмкіндік. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Тұранқызының айтуынша, осындай іс-шаралар арқылы аймақта кәсіпкерлікті дамыту - аймақтың экономикалық әлеуетінің өсуіне ықпал етеді және жергілікті бизнес-қауымдастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. «Шелл Қазақстан» әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Жұлдыз Ғалиакпар: Форумның негізгі міндеті – бұрыннан келе жатқан және жаңа бастаған кәсіпкерлердің өсуіне мүмкіндік беру, оларды кәсіпкерліктің озық дағдыларына үйрету екенін атап өтті. Қазақстандағы ЕҚДБШОБ қаржыландыру және дамыту бағдарламасының жетекші менеджері Алма Қасымова өз кәсібін дамытуды қалайтын кәсіпкерлерге Форум шеңберінде танысатын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Мұндай қадам жиналған қауым тарапынан қолдау тапты. Олар көптеген сұрақ қойып, білікті мамандардан жауап алды. Кәсіпкерлік саласындағы соңғы трендтер туралы «Red Point Kazakhstan» маркетингтік коммуникация сервисінің негізін қалаушы Әсел Қожақова, TopSales басшысы Әсем Күзенбаева, Қазақстан кәсіпкерлері мен бухгалтерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Казанцев пен басқа спикерлер сөз қозғады. «MIMIORIKI» балалар киімінің қазақстандағы тұңғыш брендінің негізін қалаушы Инна Апенко іс-шараның хэдлайнері болды.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="85090,85091,85089,85092"]