20 тамыздан бастап Ақтаудағы жаяу жүргінші өткелдері жаңартылып жатыр. Аталған жұмыстарды 7 қыркүйекке дейін «Қала жолдары» мекемесі жүргізеді, - дейді mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, жұмысшылар арнайы кесте бойынша 1, 4, 5, 6, 7, 12, 13, 14, 19 «а» және 26, 28, 29, 33 шағынаудандардағы жаяу жүргінші жолақтарын қалыпқа келтіреді. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84395,84397,84398,84396,84399"] Сондай-ақ тұрғындардың сұрауы бойынша 26 және 27 шағынаудан аралығындағы И18 автомобиль жолына бағдаршам орнатылып жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер Ақтау қалалық әкімдігі парақшасынан алынды