«Жәрдем» қосымша мамандандырылған медициналық пойызы 2019 жылғы 20 тамыз күні «Алматы-2» бекетінен сапарға шықты. «Денсаулық» медициналық жобасына қосымша ретінде іске қосылған пойыз 6 облысты қамтиды. Ал Маңғыстау облысында 22 қарашадан 20 желтоқсанға дейін болмақ, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Медициналық пойыз Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарына келеді. Дәрігерлер 78 шалғай ауданның тұрғындарына алғашқы медициналық-әлеуметтік және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Аталған пойыз медициналық кабинеттерге сай жабдықталған, алғашқы көмек көрсету мен диагностикалық тексеру жасауға арналған 8 вагоннан тұрады. Онда терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, онколог-маммолог, стоматолог мамандар бар. Сонымен қатар ЭКГ, УДЗ аппараты, отоскопиялық құрылғы, гематологиялық және биоxимиялық анализатор, Мерлин ультродыбыстық сканері, стоматологиялық құрылғылар, флюрограф, гастрофиброскоппен жабдықталған. «Жәрдем» пойызы өз жұмысын 2019 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласында аяқтайды. Сапар барысында медициналық пойыз 10 100 шақырымға жуық жол жүреді деп жоспарланып отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84412,84411"]