Ертең Ақтауда техникалық су беру уақытша тоқтайды
[ 2019 ] 21 тамыз, 12:17 | Қоғам
22 тамыз күні қаланың төменгі және жоғарғы аудандарында техникалық судың қысымы уақытша тоқтайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Орталық сумен жабдықтау торабының 1 және 3 құбыр жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда техникалық су беру уақытша тоқтатылады», - дейді «МАЭК – Казатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі.
Техникалық су қысымы ертең сағат 09:00 – 20:00 аралығында уақытша азайтылады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
495
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.