ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында республикалық «Алтын Қыран 2019» жобасы қолға алынды. Жоба аясында республикалық «Біздің Депутат» қоғамдық-саяси бастамасымен облыс, қала әкімдерінің, мәслихат хатшылары мен халық қалаулыларының басын қосқан «Алтын Қыран 2019» энциклопедиясының 1-томы жарық көрді. Кітаптың әйелдер қауымына арналған 2-бөліміне саясаттың тұтқасын ұстап, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жолында аянбай еңбек етіп жүрген Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты, «Нейрон» ЖШС бас дәрігері Нина Самаликова енгенін Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. I санатты дәрігер, Іскер әкімшілік магистрі (МВА-2016), «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атанған Нина Разжанқызы басқарған медициналық ұйымдарға 2013-2015 жылдары «Сала көшбасшысы» (2 рет), «Үздік емхана», «Үздік салауатты мекеме» ұлттық сертификаттары берілген. Сонымен қатар ол 2015 жылдың қорытындысы бойынша оған мекеменің жоғары көрсеткіштері және тиімді менеджмент үшін «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік басқарушы» сертификаттарын иеленді. Жаңаөзен қаласының мерекелік медальдары мен Пирогов төсбелгісімен де марапатталған Нина Самаликова «Қазақстан Даңқы» орденінің иегері. Нина Разжанқызымен қатар «Алтын Қыранға» Жанаөзен қалалық мәслихатының депутаттары Сақи Мыңбай мен Исенбай Калдаманов та енген. Жерлестеріміздің барлығы «Алтын Қыран 2019» арнайы медалімен марапатталды. Аталмыш жоба бүгінде жалғасын тауып, энциклопедияның 2-томы жазылу үстінде.
Валентина Қозыбақова