Маңғыстаулық тұрғындар енді тегін түрде жұмыс, тұрғын-үй, білім, денсаулық, медиация және ауылшаруашылық салалары бойынша кеңес ала алады. Әр түрлі салада кеңес беретін орталық облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық ҚХА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әр аптаның дүйсенбі күні сағат 14:00-16:00 аралығында Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйрету үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көп балалы аналар мен мүгедектерге, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға төленетін жәрдемақы жөнінде кеңес береді. Сейсенбі күні сағат 09:00-11:00 аралығында облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мамандары отырады. Олар баспана алуға тіркелу, 7-20-25 тұрғын үй ипотекасы жөнінде кеңес береді. Аптаның сәрсенбісі сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Маңғыстау облысы білім басқармасы мамандары тұрғындарға кеңес береді. [caption id="attachment_84102" align="alignnone" width="1280"] Суретті Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі ұсынды[/caption] Ал сағат 14:00-16:00 аралығында Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалы облыс тұрғындарына кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру туралы, қажетті дәрі-дәрімекпен қамтамасыз өту жөнінде ақпарат береді. Бейсенбі күні сағат 09:00-11:00 аралығында Маңғыстау облысы ауылшаруашылығы басқармасы маманы ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша тұрғындарға кеңес береді. Сол күні сағат 14:00-16:00 аралығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация орталығының меңгерушісі дау мен жан-жалды, шиеленістерді шешу кезінде татуласу рәсімінің тиімділігін түсіндіреді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті ұсынған МО Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынды