Ақтау қаласының мамандандырылған ХҚО аумағында, автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті. Шара барысында халық еgov.kz жаңа мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Сонымен қатар маңғыстаулықтарға Еgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер, ақпаратттық парақшалар таратылды. Қызығушылық білдірген азаматтарға ЭЦҚ-ны қалай рәсімдеуге болатыны, мобильдік үкіметте тіркелу, сондай-ақ айыппұл мен салықтарды онлайн түрде қалай төлеу керектігі көрсетілді. Автокөлік иелеріне жүргізуші куәліктерін ауыстыру және көлік құралдарын тіркеу мемлекеттік қызметтерін портал арқылы алу жолдары да жан-жақты түсіндірілді. Акцияның негізгі мақсаты – мобильдік қосымшалар мен электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін халыққа насихаттау. «Халықтың электронды мемлекеттік қызметтерді еш кедергісіз қолдануы өте маңызды. Цифрлі жүйенің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана білсе, бұл азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, бөлім қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.Азаматтартelegram-дағы EgovKzBot-тың тұрақты қолданушысы болу үшін тек бір рет мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет.Мұны egov.kz электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде немесе ХҚО-да жүзеге асыруға болады.Сондай-ақ азаматтар автокөлікті қайта рәсімдеп, мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, жүргізуші куәлігін ала алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Бағила Жарланова. Айта кетейік, жыл басынан бері мобильдік азаматтар базасында 454900-нан астам маңғыстаулық тіркелген. Сонымен қатар жыл басынан бері 1400-ден астам жүргізуші куәлігі беріліп, 944 мың автокөлік тіркелді.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ