Бүгін, 29 шілде күні Ақшұқыр ауылында мерзімді басылымдарды жеткізетін дронның алғашқы сынақ ұшуы өтті. Тамыз айынан бастап басылымдар облыстың сегіз аймағына дрон арқылы жеткізіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Басылымдарды дронмен жеткізу жобасы үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл бұл жобаға Маңғыстау және Ақтөбе облыстары қосылды. Енді дронның көмегімен газет-журналдар сегіз аймаққа, яғни Батыр, Баянды, Дәулет, Қызылтөбе, Сайын, Қызылсай, Ақщұқыр және Мұнайлыға жедел жеткізіледі. «Дрондар басылымдарды жеткізу процесін оңтайландыруға көмектескенімен, пошта қызметкерінің жұмысын ешқашан ауыстырмайды. Енді оқырмандар газет алу үшін пошта көлігін күтпейді, дронның тиімділігімен газет шыққан күні жеткізіледі. Сол арқылы тұрғындар ақпаратпен жедел танысуға мүмкіндік алады», - дейді «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Дариға Утебалиева. https://www.youtube.com/watch?v=z63vENH-ajk Барлық аудандарда 2-4 келі жүк көтере алатын 20 дрон жұмыс істейді. Оларды «Adrome Automation» компаниясы жасаған екен. https://www.youtube.com/watch?v=3Mo5RFeKnww Айта кетейік, «Қазпошта» операторы дрондарға техникалық және басқа да көмек көрсетпейді. Тек басылымдарды жеткізу жұмыстарына ғана төлем жасайды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="83462,83463,83455,83459,83460,83457,83465"]