Ақтауда ағаш суаратын 20 қызметкер маусым айының жалақысын алмаған. Олар 19 шілде жұмысқа шықпай, наразылық білдерген болатын. Кеше осы мәселеге орай жауапты мамандар мен қызметкерлер жиналып, бір мәмілеге келді. Енді жұмысын тоқтатқан су тасушы көліктің жүргізушілері жұмыстарын жалғастырады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қазіргі таңда қала тазалығы мен жасыл-желектерді суарумен «РЭП» ЖШС айналысып жатыр. Онда 61 су таситын көлік бар. Олар түске дейін қала аумағындағы ағаштарды суарады. https://www.youtube.com/watch?v=OS3CPvv9104 Бірнеше күн бұрын 20 су таситын көліктің жүргізушісіне жауапты мекеме жалақы төлемеген екен. Жасаған қызметіне ақы алмаған суарушылар өткен жұмадан бастап жұмысқа шықпай қойған. «Мұндай мәселе бірінші рет болып тұр. Жалпы суару қызметкерлері қанша жұмыс жасаса, сонша ақы алады. Оны өздері де біледі. Олар су құю станциясынан су алып, белгіленген шағынаудан аумақтарындағы ағаштарды суаруы керек. Мұның барлығы тексеріледі, арнайы журналға жазылып, бекітіліп отырады. Қазір жұмысшылармен кездесіп, мәселенің шешімін таптық. 25 шілдеден бастап наразылық білдірген 20 қызметкер өз жұмысын жалғастырады», - дейді «РЭП» ЖШС-нің директоры Абай Қожабаев. ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Саябақ суды сұрап ала ма?
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="83358,83356,83355,83354"]