Ақтауда теңізге түскен 2001 жылы туған азамат құтқарылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Оқиға 29 маусым күні сағат 21:50 шамасында 4 «а» шағынаудан теңіз жағалауында болған. Теңізге түскен 2001 жылы туған азамат жағаға өздігінен қайтып келе алмаған. Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 18 жасар азаматты құтқаруға 6 қызметкер, 1 техника мен жүзу құралы жұмылдырылды. «Сол күні 2004 және 1988 жылы туған азаматтар шомылып жүргенде аяқтарын ауыртып алған екен. 1988 жылы туған азамат мас күйінде болған. Оларға жедел құтқару жасағы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйлеріне қайтарды», - дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА