Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы «Арысқа көмек» акциясы аясында 4 тонна гуманитарлық жүк жинады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Арыс тұрғындарына Ақтау қаласының «Мағаш», «Масат» және «Асар-С» базарының саудагерлері, Маңғыстау облыстық дәрігерлер мен провизорлар қауымдастығы, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ еріктілер мен қала тұрғындары көмек берді. Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбектің айтуынша, 25 маусымнан бастап облыстағы барлық жастар ресурстық орталықта көмек қабылдау пункті ашылған. Ақтаудан 30 ерікті осы шараға атсалысты. Бір жарым күнде 4 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жиналды. «Жастарға арналған «Арман» коворкинг орталығында орналасқан көмек пункт ақшалай көмекті қабылдамады. Оны «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аударуын айттық. Ал қала тұрғындары алып келген тез бұзылатын азық-түліктер Маңғыстау облыстық мешіті жанындағы медресеге табыстадық. Осы ретте игі іске атсалысқан жастарға, облыс тұрғындарына алғыс айтамыз», - дейді Абылай Фазылбек.
Оқи отырыңыз: Маңғыстаулықтар Арыс тұрғындарына көмек беруде
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті ұсынған МО жастар ресурстық орталығы
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="82401,82397,82399,82404,82405,82398"]