Маңғыстау облысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 5 бағыт бойынша ауқымды жобалар іске асып келеді. Мамандар мәліметіне сүйенсек.
Цифрландыру – медицина саласына серпін беруде
Бүгінгі таңда өңір бойынша 89 денсаулық сақтау нысандары ғаламтор желісімен жүз пайыз қамтамасыз етілген. 2714 жұмыс орны компьютерлік техникамен жабдықталған. Сондай-ақ биыл толық көрсеткішке қол жеткізу мақсатында медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен 28 компьютер сатып алынған. 36 денсаулық сақтау мекемесіне медициналық ақпараттық жүйе енгізілді. Нәтижесінде қызметкерлер қағазбастылықтан арылып, электронды құжат алмасу жолға қойылған. Облыс аумағында медицина мамандарының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 29 бекет құрылды. Былтырдан бастап бұл орталықтарда 321 032 адам оқыды. Ғаламторды белсенді пайдаланушы 115 мыңнан аса адам «ДамуМед» пациенттің жеке кабинетіне тіркелген.Бәсекеге қабілетті білім - заман талабы
Маңғыстау облысы бойынша барлық 244 мектепке дейінгі ұйымдарда «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру» мемлекеттік қызметі енгізілді. Жобаны енгізуден экономикалық тиімділік 1,5 млн. теңгені құрады. Сонымен қоса «mektep.edu.kz» электронды журналдар мен күнделіктер жүйесіне Маңғыстау облысындағы 147, оның ішінде 141 күндізгі, 6 кешкі мектеп қосылған. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап ата-аналар мен мұғалімдерге арналған ақпараттық жүйенің мобильді нұсқасы іске қосылды. Маңғыстау облысының 141 күндізгі мектебінде «Маңғыстау облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Маңғыстау облысының «Электрондық колледжі» ақпараттық жүйесіне 27 колледж қосылды. Бүгінгі күні орта арнаулы оқу орындары кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етілген. Сонымен қоса талапкерлерді колледжге қабылдау қызметін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда
Цифрландыру аясында қауіпсіздік саласы бойынша қала аумағында бейнебақылау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 600 бейнебақылау камераларын құру көзделген. Камералар қоғамдық орындарда, аулаларда, сондай-ақ барлық шағын аудандарда, ірі ойын-сауық және сауда орталықтарында, әуежай мен теміржол вокзалында орнатылады. Бейнебақылау камералары жедел басқару орталығы мен учаскелік полиция пункттерімен тығыз байланыста. Пайдалануға беру мерзімі 2019 жылдың соңына дейін жоспарланған. Былтыр Маңғыстау облысының полиция департаменті және «Динамикс Бизнес Технолоджис» ЖШС өзара келісімшартқа қол қойды. Пилоттық жоба аясында 15 шағынауданға қарасты және жаңа теңіз жағалауы бойында 10 жоғары жылдамдықты бейнекамералар, оның ішінде 6 бұрылмалы және 4 стационарлық бейнекамера орналастырылды. Бүгінгі таңда барлығы толық істеуде.Қоғамдық көлік қызметі жаңғыра түспек
Көлік саласында ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қалалық маршруттардың барлық автобустары мен шағын автобустары спутниктік GPS-навигаторлармен жабдықталған. Монымен қоса «InfoBus.kz» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді. Ақтау бойынша барлық қалалық және қала маңындағы автобустар «BusReport» диспетчерлік жүйесіне байланыстырылған. Алдағы уақытта «Жол жүруді төлеудің электрондық жүйесі» жобасын іске асыру мақсатында «Маңғыстау облысының автобус паркін жаңарту» жобасы жүзеге асырылмақ. Сонымен қоса 2020 жылдың бірінші тоқсанында «ҚДБ-Лизинг» АҚ лизингтік бағдарламасы арқылы отандық өндірістің 34 автобустарын сатып алу жоспарлануда.«Е-шаңырақ» - ел игілігі үшін
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру назардан тыс қалған жоқ. Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен жаңа қанатқақты жоба аясында 15-шағын аудандағы 10 көппәтерлі тұрғын үй «Е-шаңырақ» жүйесіне қосылды. 22 су, 11 жылу және 13 электр қуатын есептегіш құралмен жасақталған тұрғын үйде деректер онлайн режімде жинақталып, тиісті мекемеге жолданады. Ақтау қаласы бойынша бірыңғай ақпараттық жүйеге 628 үй қосылды. Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату есебінен жылу беру маусымында 9,9 млн. теңге қаражат үнемделдеді. Сонымен қатар, Ақтау қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің электронды паспорттарын әзірлеу жобасы іске қосылды. Жоба 2019 жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде «Е-Шаңырақ» жүйесіне Ақтау қаласындағы барлық үйлер қосылады.Цифрлық куәліктер беріледі
Елбасы тапсырмасына сәйкес және Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен халықтың билікке деген сенімін қалыптастыруды, мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бақылауды көздейтін цифрлық қызметтік куәлік беру жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ бұл қызметкерлердің жұмысының нәтижелілігі, өнімділігі мен тиімділігін мониторингтеуге, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын жағдайлардың орын алу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік жасайды. Куәлікте мемлекеттік қызметкердің толық аты жөні және қызметтік лауазымы толық көрсетіледі. Бүгінгі таңда облыс әкімі аппаратында ескі куәліктер жаңа ID карталармен толық алмастырылды. Жуық арада аудан, ауыл әкімдіктері мен өзге облыстық басқармалардың қызметкерлеріне жаңа куәліктер табысталмақ. Тағы бір ескерер жайт жаңа цифрлық қызметтік куәліктер ескімен салыстырған екі есе арзан бағаны құрайды.Голрох ЖЕМЕНЕЙ