Жаз басталса жасыл желектерді зиянкестер қаптап, бұталарды бүлдіреді. Ақтауда мұның алдын алу үшін көгалдандырушылар тыным таппай, зиянкестермен күресіп жүр. Маусым айынан басталған көгалдандыру жұмысымен «РЭП» ЖШС мекемесінің жұмысшылары айналысуда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ағаштарды біте, аққанат жәндігі, қабықшы, сүген, колорадо қоңыздары, қара жұлдызқұрт және адмирал көбелегі, жапырақ жемір қоңызы басып алған екен. Көгалдандырушылардың айтуынша, аталған зиянкестерден құтылу үшін вертимек, би 58, нурел, инта-вир ЦМ улы препараттарын пайдаланып жатыр. Жұмысшылар мұндай кезде улы заттардан қорғайтын киімдерін киіп, препаратты ауыз сумен араластырып ағаш, тал, бұтақ, клумбаларға себеді. Бұл улы препараттың күші 15 күнге дейін әсер етеді екен. Айта кетейік, қазіргі таңда 1, 2, 3, 3 "а", 3 "б", 4, 5, 6, 7, 8 шағынаудандары мен "Ақбота" саябағы, Ақтау қалалық әкімдігі, "Жеңіс" аллеясындағы жасыл желектер зиянкестерден тазартылған.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="81998,81997,81995,82000,82001"]