• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 7 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Ақтауда тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

    [ 2019 ] 20 маусым, 05:12  |  Қоғам

    «Достық» үйінде Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған «Аңызға айналған абыз» байқауы аясында көрсетілетін «Ұлы дала шежіресі – архив деректерінде» атты фильм тұсаукесері өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына арнайы келген іссапарында Әбіш ағамыздың мерейтойын тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтуді тапсырған еді. Жыл басынан ұйымдастырылып келе жатқан мерейтойлық іс-шараның бір мысалы осы тұсаукесер болып отыр. Ұлы тұлғаның мерейлі мерекесіне арналған мәдени шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, жазушының жары Клара Жұмабайқызы, Әбіш Кекілбайұлымен бірге өскен қатарлас дос-жарандары, ардагерлер қатысты. Тұсаукесер облыс әкімінің орынбасары Руслан Кенесарыұлының құттықтау сөзімен ашылды. - Осы жылдың басында республикалық деңгейде Әбіш ағаның 80 жылдығын атап өту жөнінде үлкен жоспар жасалған болатын. Соның бірі - тарихи құжатты деректерге сүйене отырып жазылған «Ұйқыдағы арудың оянуы» шығармасының негізіндегі туындыны көрерменге шашу ретінде ұсынып отырмыз. Жоба авторы – журналист, әбіштанушы жас ғалым Бақтыбай Жайлау. Негізінен көркем әдеби шығармаларымен таныс оқырманға тосын сый жасап, тарихи құжаттық негіздегі деректі фильмін ұсынып отыр. Кейінгі буын жастар үшін Ә.Кекілбайұлының мұнайлы Маңғыстау тарихынан, туған жерінің қазба байлығы мен өндірісте тер төккен белгілі тұлғалары туралы терең сыр шертетін осы публицистикалық еңбегін өз кезеңінің бейнеархив деректерімен теледидарлық нұсқада ұсыну рухани мұрамызды  цифрлық форматтағы тың туындымен толықтыру болмақ. Тұсаукесерге келіп қатысып отырғандарыңызға рахмет! Клара апамыздың Әбекеңнің жастарға үлгі болатын сөздерін жеткізіп, ортамызда жүре беруіне тілектеспіз. Бүгінгі тұсаукесермен бірге,  Әбіш ағаның мерейтойының басталуымен құттықтаймын! Ендеше, қалың көрерменге жол тартқан алғашқы туындыны бірге көрейік. Жобаның жемісті жалғасуына тілек білдіреміз, - деген әкім орынбасары көпшілікпен бірге фильмді тамашалады. Кино сеанстан соң фильм авторы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғылыми қызметкері, PhD докторант, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің администраторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бақтыбай Жайлаудан жаңа туынды туралы пікірін сұрағанымызда: - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының заңды жалғасындай «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет» деген болатын. Біз Елбасының осы тапсырмасына орай, Маңғыстау облысы басшылығының тікелей қолдауымен Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы өлкеміздің бір ғасырлық таспадағы тарихын түгендеп, «Ұлы дала шежіресі – архив деректерінде» атты деректі фильмдер жасау жобасын қолға алдық. Жобаның тырнақалды туындысы – «Аңызға айналған абыз» сериасымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналып отыр. Бұл туындының ұлы жазушының мерейтойы қарсаңында жарық көруі заңды деп ойлаймын. Биылғы 80 жылдық мерейтойы аясында жазушының тура 40 жыл бұрын жарық көрген «Ұйқыдағы арудың оянуы» атты кітабының негізінде дайындалған фильм өлке тарихының өндіріс, геология, экономика, құрылыс, әлеуметтік салаларын қамтиды. Ең алдымен Алматы қаласындағы ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатындағы қордан өлке тарихына қатысты видео материалдардың каталогы жасақталды. Тізімге алынған видеолар ескі таспалардан DVD нұсқаға көшірілді. Ол материалдар Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасына тапсырылып, тізім бойынша тіркетіліп, жүйелеу жұмыстары жүргізілді, - деді жас режиссер. Алдын ала ақпараттан құлақтанғанымыздай облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлының айтуынша, бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Елбасы айтқандай, отандық архивтермен жүйелі және ұзақ мерзімді өзара іс-қимылда тарихшылардың, архивистердің, мәдениеттанушылардың арнайы топтарының іздестіру-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы көрерменге арналған құнды мұрағат деректерін DVD нұсқасында көрнекілік құрал ретінде шығару, айналымға енгізу жоспарлануда. Мақсат – Ұлы даланың өткен ғасырдағы тарихын ұрпақ жадында жаңғырту. Ғылыми зерттеушілердің және қызығушылық танытқан жалпы халықтың еркін қолжетімділігіне жағдай туғызу. Сондай-ақ жинақталған материалдарға ғылыми тұрғыдан анықтамалық мәліметтер дайындалады. Цифрландырылған архив материалдарының бірқатары телеарна эфирінен ұсынылмақ. Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ресми сайтында тұрақты жарияланып тұрады. Деректі фильм сеансынан соң, жазушының жары Клара Жұмабайқызы, ардагер геолог, қоғам қайраткері Тергеу Айдарханов, ардагер журналист Жоламан Бошалақ жазушы туралы естеліктерімен бөлісіп, фильм авторына табыс тіледі.

    Үміт ЖӘЛЕКЕ

    1644
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары әдебиет
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Аймақтың жаңа әкімінің алғашқы аппараттық жиыны

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Кітап - рухани азық» байқауының жеңімпаздары марапатталды

      [ 2021 ] 2 қазан, 11:50
      9943

      Маңғыстаулық жас ақынның жыр жинағы жарық көрді

      [ 2021 ] 26 наурыз, 13:31
      14820

      «Ағайынды Базарбаевтар» атты кітап жарық көрді

      [ 2021 ] 2 наурыз, 14:36
      15345

      Тұғыры биiк тұлға

      [ 2020 ] 22 мамыр, 17:13
      3253

      Он жасар тұрғын Маңғыстау облысының әкіміне эстафета жолдады

      [ 2019 ] 16 шілде, 11:38
      1839

      Ақтауда тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

      [ 2019 ] 20 маусым, 05:12
      1645

      Рубрикалар

        СараптамаРедакцияБіле жүріңізКомплаенсӘлем жаңалықтарыӘдебиетМаңғыстауАудан тынысыҚазақстан жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Жерлесіміз жүлдегер атанды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 10:00
      2371

      Ақтауда ақынға арналған кеш өтті

      [ 2019 ] 28 қараша, 12:36
      2475

      Саңлақ күйші Сержан Шакраттың 80 жас мерейтойы аталып өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:23
      2210

      Ақтауда жас педагогтар форумы өтті

      [ 2019 ] 4 қараша, 09:36
      1991

      Мұрын жырауға арналған кеш

      [ 2019 ] 29 қазан, 06:32
      2520

      Скрипкашы Айман

      [ 2019 ] 25 қазан, 05:04
      2446

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»