©
Таң атса, күн батып, көктем мезгілінің соңғы айы да аяқталды. Балалар оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шықты. Соңғы қоңыраудың сыңғыры естілісімен-ақ ата-ананы әбігерге түсіретін бір жайт баласының жазғы демалысты жақсы өткізуі десек, қателеспеспіз. Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Үш ай демалыста балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың дені өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлерге барса, енді бірі өзге қалаларда орналасқан республикалық лагерьлерге барып демалады. Ал сол балалар үшін демалыстың көркі болған лагерь Маңғыстау ауданының балаларына биыл қалай ұйымдастырылмақ? Бұл сұраққа жөнінде Маңғыстау аудандық білім бөлімінің басшысы С.Қалиевадан жауап алған болатынбыз. «Балалардың жазғы демалысы 2 бағытта ұйымдастырылатын болады. 1) Жазғы демалыс, сауықтыру (7-13 жас); 2) Еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік, интеллектуалдық, тілдік шаралармен қамту (7-18 жас). Оқушылардың жазғы демалысын және түрлі сауықтыру шараларымен ұйымдастыру бағытында 61 сауықтыру орындары қала сыртындағы 2, мектеп жанынан тамақтандырумен 18, 20 кәсіптік және 22 палаталық лагерь ұйымдастырылады. Жазғы сауықтырумен жалпы 7593 баланы қамту жоспарланып отыр, бұл барлық балалардың 100% құрайды. Жалпы жазғы сауықтырумен бірінші кезекте әлеуметтік санаттағы балалар қамтылатын болады. Олардың саны — ауданда 927 бала. Ерекше қамқорлықтағы балалар (мүмкіндігі шектеулі) саны — 68. Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагеріне 40 бала демалады деп жоспарласақ, «АДЖИП Каспиан СИ Б.В.» мекемесінің демеушілігімен Италияның Чезенатико қаласына жетім және мүжәлсіз отбасының 5 оқушысы тамыз айында аттанады. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 280 баланы жергілікті бюджет есебінен қала сыртындағы жазғы сауықтыруға барады деп ұйғарып отырмыз. Ал еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік, интеллектуалдық шаралармен 7072 бала қамту жоспарланып отыр. Оның 1456-сы — еңбекпен, көгалдандырумен, 2157-сі — аула клубтарында, түрлі үйірмелерде 3 тілдік, ІТ сыныптары, роботтехника үйірмесі, 2634-і — туристік-өлкетану бағытындағы саяхатпен, 1764-і — «Жасұлан», «Жасқыран» әскери патриоттық және тілдік, дебаттық үйірмелерде қамтылады. Жалпы кәсіптік лагерьлер ұйымдастыру кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:Айгүл РАХМЕТОВА