Бір мектептен жеткен қос қуаныш
[ 2019 ] 13 мамыр, 13:23 | Қоғам
Додаға түсіп, топ жарды
Мұғалімге жүктелетін жауапкершілік, қойылатын ауыр міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-жақты терең біліктілікті, психологиялық қабілеттілікті, асқан шеберлікті талап етеді. Осындай талап деңгейінен көрініп жүрген жас маман, Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амалова Ақжүніс Оспанқызы әркез тәрбие мен білімді қатар алып жүріп, өзінің бойындағы кәсіби икемділік пен ұтқырлықты сан қырлы шығармашылық қабілетімен ұштастырып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, жақында Ақжүніс екі додаға түсіп, топ жарды. «Ғасыр індетінен сақтанайық!» атты ашық тәрбие сағаты байқауының облыстық кезеңінде І орынға ие болса, ұлт руханиятының абызы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Маңғыстаунама» сайысында Ә.Кекілбаев шығармаларынан десант сабақ өткізу байқауында тағы да І орынға ие болды.
Алар асуларың мен бағындырар биігің көп болсын, жаңалыққа жаны құмар жас маман!
Биік белесті бағындырғандар
Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімдері Айманов Бауыржан мен Амалова Сымбат «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының ұйымдастыруымен 18-35 жас аралығындағы мұғалімдер, студенттер, магистранттар, докторанттар арасында 6 рет өткізілген «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауында Ақтөбеде алқалы топта бақ сынап, абыройды асқақтатты. Бірі хас маман, бірі жас маман Бауыржанның байыпты байламдары мен Сымбаттың сүбелі сөздері көпшілік көңілін көншітті. Бетпе-бет кездесу кезеңінен жас маман Амалова Сымбат байқаудың жүлдегері атанып, 25000 теңгенің грантына ие болса, Айманов Бауыржан финалдық кезеңге жолдама алды. Бауыржан Астана қаласында өткен финалдық кезеңнен 1орынға ие болып, 300000 теңгенің грантын қанжы ғасына байлады. «Алаштың Ақ жолы» байқауының лауреаты» төсбелгісімен марапатталды.
Өз тілшімізден
1212
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.