ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті басшысының орынбасары Аяш Макенова Маңғыстау өңіріне іссапармен келді. Ол атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) туралы өтініштерді қабылдау барысымен танысты. Министрлік өкілі Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамту, халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) және Рахат, Теңге, Жетібай ауылдық округтері әкімдіктерінде, сонымен қатар Мұнайлы ауданы бойынша жұмыспен қамту, ХҚКО, Басқұдық ауылдық округінің әкімдіктерінде Е-халық ақпараттық жүйесінің жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, Ақтау қаласы бойынша Атамекен кәсіпкерлер палатасындағы халықты жұмыспен қамту орталығында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, Орталық ХҚКО, ХҚКО 2-бөлімшесінде болды. АӘК өтініш білдірілген ай ішінде толық тағайындалатынын және өтініш білдіру нақты күнді талап етпейтінін еске салды. 1 сәуірден бастап қабылдау құжаттар едәуір жеңілдетілді және АӘК алушыларға жеке куәлік пен қажетті өтініш жеткілікті. Егерде бұрын АӘК әрбір отбасы мүшесіне 4 834 тг. құраса, қазір сәуірден бастап әрбір балаға 23 487 тг төленеді. Сонымен қатар, АӘК-ке қатысты сұрақтар болса «111» біріңғай байланыс-орталығына хабарласып, кеңес алуына болады. Кездесуде Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментіне АӘК тағайындау жұмыстарына біршама ұсыныстарын берді.
Жаңаөзен газеті №18 (1934)