Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қойшығұл Бекқалиұлы Әбілшеев 15 сәуір күні 63 жасқа толып, зейнет демалысына шықты. Ол жиырма жылдай уақыт аудан əкімі орынбасарының міндетін атқарып келген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан əкімдігіне сілтеме жасап. Қойшығұл Әбілшеев 1956 жылы 15 сәуірде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шебір селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1963 жылы Сам орта мектебіне бірінші сыныпқа оқуға барып, 1973 жылы Ақжігіт орта мектебінен 10 сыныпты бітірді. 1973 жылдың шілде айынан 1974 жылдың шілде айы аралығында Сам қаракөл қой савхозында жылқышы болып жұмыс жасады. 1974 жылдың қыркүйек айынан 1979 жылдың қыркүйек айы аралығында Алматы зоотехникалық – мал дәрігерлік институтында оқыды. 1979 жылы қазан айында Сам савхозында №3 фермада мал дәрігерлік, 1981–1987 жылдар аралығында осы савхозда бас мал дәрігері, 1987 жылдың тамыз айынан бастап Сыңғырлау савхозында партия комитетінің хатшысы, 1989-1996 жылдары савхоз директоры, 1996–1997 жылдары Сыңғырлау селосының әкімі, 1997 жылдың наурыз айынан 1998 жылдың сәуір айына дейін Бейнеу аудандық мал дәрігерлік станциясында бастықтың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Салтанатты жиында аудан басшылығы Қойшығұл Әбілшеевке ауданынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, құрметтеп иығына шапан жапты.
Суреттерді Бейнеу ауданының әкімдігі ұсынған
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="77667,77668,77669"]