©
Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдық екенін айқындап берген болатын. Жолдауда халықтың әл-ауқатының артуына жетудің басты шараларының бірі бизнесті одан әрі дамыту екендігі айтылды. Себебі, дамыған елдерде шағын және орта бизнес экономикалық өсімнің негізі болып табылады. Ал ел экономикасының дамуы сәйкесінше халықтың әл-ауқатының жақсаруына әкеледі. Жалпы алғанда «Мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасын ұстанған еліміз бизнестің дамуына үнемі қолдау білдіріп, жағдай жасап келеді. Кәсіпкерлер палатасының платформасында оқыту – тренингтер арқылы бизнеске бейімдеу, құқықтық көмек, бизнесті субсидиялау, гранттар, әкімшілік кедергілерді жою жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бір ғана мысал, бизнесті бастаудың алғашқы қадамы ол кәсіпті тіркеу болса бүгінгі таңда бизнесті ешбір қағаз құжатсыз, бастапқы жарғылық капиталсыз, ешқайда бармастан, үйіңізде отырып 1 сағатта тіркей алатыныңызды білесіз бе? Тіркеу тегін екендігін де айта кету қажет. Кәсібіңізді тіркеп қана қоймай, тіркеу барысында банктік шот ашуға, қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, қосымша құн салығы есебіне тұруға болады. Ал жеке кәсіпкерлік субьектісінде мөрінің болуы міндетті еместігін де атап өту қажет. Биылғы жолдауда да бизнесті одан әрі дамытуға ерекше назар аударылуы шағын және орта бизнесті дамыту күн тәртібінен түспеген еліміздің басты бағыттарының бірі екендігінің дәлелі.Сұңғат НҰРҒАЛИЕВ Маңғыстау облысының әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі басшысының м.а.