Өнер саласының ардагері, зейнеткер Алтынбек Тілегеновке Маңғыстау мемлекеттік тарихи мәдени қорығының директоры Нұрлан Құлбай мен облыстық мәдениет басқармасы директорының орынбасары Аманғали Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен берілген «Үздік өлкетанушы» төсбелгісін табыстады. А.Жұмашұлы — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының мәдениетінің дамуына ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, өнер жолында өзінің қолтаңбасын қалдырған өнер иесі. Ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаз 1973 жылдары ауылдағы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектепте музыка, бейнелеу өнері, орыс тілі, әскери дайындық пәнінен сабақ берген. Ал 1988 жылы мұғалімдікпен қатар ауылдағы мәдениет үйін басқарып, «Ақжарма» домбырашылар оркестрін құрды. Өнер ұжымы республикалық додаларда топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар А.Жұмашұлы шеберлігімен де танылған, оның туындылары, қолынан шыққан ескерткіштері облыс көлемінде қойылған.
Өз тілшіміз